Қарағанды қаласындағы №18 жалпы білім беретін мектепте кәсіби бағдар беру шарасы ұйымдастырылды

2025 жылдың 13 мамырында Қарағанды қаласындағы №18 жалпы білім беретін мектепте «Bolashaq» академиясының кәсіби бағдар беру кездесуі өтті. Кездесуге фармацевтикалық пәндер кафедрасының аға оқытушысы Теміреева Күмісжан Слямгазиновна және академия студенттері Қарабаева Гүлнұр мен Жүсіпова Милана қатысты.

Мектеп оқушыларына академия туралы толық ақпарат беріліп, білім беру бағдарламалары мен мамандықтар жайлы түсініктемелер ұсынылды. Құжат тапсыру ережелері, оқу ақысы, жатақхана мәселелері және студенттерге берілетін жеңілдіктер жөнінде де кеңінен айтылды.

Кездесу барысында студенттер өз әсерлерімен бөлісіп, оқу орнын таңдауда қандай жайттарға көңіл бөлу керек екенін түсіндірді. Шара мектеп оқушыларына кәсіби бағдар беруде маңызды рөл атқарды.

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.