23 қазан күні қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының доценті Ж.М.Баймұрынов кәсіби бағдар жұмысы аясында қаламыздағы Ә.Бөкейхан атындағы ЖББМ және №65 ЖББОМ-ның 11-сынып оқушыларын «Bolashaq» Академиясы жайлы ақпаратпен таныстырды.
Кәсіби бағдар жұмысы «Bolashaq» академиясында жоспарлы түрде жыл бойы кезең-кезеңімен жүргізіледі. Академия қызметкерлері орта білім беру ұйымдарының бітіруші сынып (курс) оқушыларын білім беру бағдарламалары және оларға деген сұраныс деңгейі, оқу мүмкіндіктері, академия студенттерінің жетістіктері, сондай-ақ оқытушылық құрам жайлы мәліметпен таныстырады, оқушылар тарапынан қойылатын сұрақтарға жауап береді.

Бұл жолы да Ж.М.Баймұрынов оқушыларға республикамыздағы мамандықтарға деген сұраныс деңгейі және оның академия миссиясында үнемі ескеріліп отыратыны, академия түлектерінің мүмкіндіктері жөнінде жан-жақты әңгімелеп берді.

Кафедра оқытушыларының кәсіби бағдар жұмысы алдағы күндерде де жалғасатын болады.
Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасы