05.09.2024ж Қарағанды медицина университетінде Адам және дәрі-дәрмек –Қазақстан XVII халықаралық конгресі өтті. Осы конгреске «Bolashaq» академиясы фармацевтикалық пәндер кафедрасының оқытушылары қатысты. Құттықтау сөз алғандар:
Күзденбаева Раиса Салмағанбетқызы – ҚР ҰҒА академигі, м.ғ.д., проф., «Адам және Дәрі-дәрмек-Қазақстан» Конгресінің құрметті президенті, «Клиникалық фармакологтар мен фармацевтердің кәсіби қауымдастығы» РҚБ президенті.
Төлегенова Бибігүл Райханқызы – Қарағанды облысы Денсаулық сақтау басқармасының басшысы.
Тұрмұхамбетова Анар Ақылбекқызы – «Қарағанды медицина университеті» КЕАҚ ректоры.
XVII ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНГРЕСС БАҒДАРЛАМАСЫ бойынша ғалымдар мен профессорлар қауымы денсаулық жағдайына байланысты бірқатар мәселелерді қозғады.
Конгресте терапиядағы клиникалық ұсыныстар мен салалық стандарттар, кардиология клиникалық нұсқаулар және емдеу стандарттары, клиникалық неврологияда нұсқауларды емдеудің клиникалық ұсыныстары мен стандарттары, педиатриядағы диагностика және емдеу алгоритмдері бойынша мақалалар дайындалып, сұрақтар мен пікір-таластар болды. Конгресс соңында қатысушыларға сертификат берілді.