6В01101 және 7М01101 “Педагогика және психология” ББ бойынша академиялық комитеттің отырысы

2025 жылғы 7 наурызда ZOOM платформасында 6В01101 – “Педагогика және психология”, 7М01101 – “Педагогика және психология” білім беру бағдарламасы бойынша «Вolashaq» Академиясы “Педагогика” кафедрасы академиялық комитетінің 2025-2026 оқу жылына арналған отырысы өтті.

2025 жылғы 7 наурызда ZOOM платформасында өткен отырысқа қатысушылар құрамы:

6В01101- Педагогика және психология – даярлау бағыты бойынша:

1.Абдрахманова Алуа Сабитовна – пс.ғ.кан., доцент, педагогика кафедрасының меңгерушісі.

Комиссия мүшелері:

Асакаева Дана Саламатовна – п.ғ.к., Педагогика кафедрасының доценті;
Тұрсынова Салтанат Алданышқызы-Қарағанды қ. “№85 жалпы білім беретін мектеп” КММ директоры;
Изтулеуова Сәуле Далбайқызы-“Bolashaq” Академиясының түлегі, Қарағанды қ. “Ахмет Байтұрсынұлы атындағы мектеп-гимназия” КММ директоры;
Магавьянова Карина Самаловна – Қарағанды қ. “№86 жалпы білім беретін мектеп” КММ педагог-психологы;
Хусаинова София – ПиП-22-1 тобының студенті.

7М 01101 – “Педагогика және психология” – магистратура бағыты бойынша

  1. Абдрахманова Алуа Сабитовна – пс.ғ.кан., доцент, Педагогика кафедрасының меңгерушісі.

Комиссия мүшелері:

  • Шутенова Сабира Сартайқызы-педагогика кафедрасының аға оқытушысы;
  • Тұрсынова Салтанат Алданышқызы-Қарағанды қ. “№85 жалпы білім беретін мектеп” КММ директоры;
  • Изтулеуова Сәуле Далбайқызы -“Bolashaq” Академиясының түлегі, Қарағанды қ. “Ахмет Байтұрсынұлы атындағы мектеп-гимназия” КММ директоры;
  • Магавьянова Карина Самаловна-педагог-психолог, Қарағанды қ. “№86 жалпы білім беретін мектеп” КММ;
  • Қалмағанбетова Айгүл Хамзиқызы-магистрант, МПП-24-2 тобы.

“Педагогика” кафедрасының академиялық комитетінің 2025-2026 оқу жылына арналған 6В01101 – “Педагогика және психология” және 7М01101 – “Педагогика және психология” білім беру бағдарламасына қатысты мәселесі талқыланды.

Бұдан әрі, отырыста академиялық комитеттердің құрамы, жұмыс жоспарлары және 6В01101 және 7М01101 “Педагогика және психология” білім беру бағдарламаларын әзірлеуге қатысты негізгі мәселелер талқыланды.

6В01101 және 7М01101 “Педагогика және психология” бағыттары бойынша білім беру бағдарламасын әзірлеушілер құзыреттілік моделі негізінде білім беру процесінде түлектің негізгі құзыреттіліктерінің бөлінуін көрсететін құрылым құрды. Осы бағдарламалар шеңберінде студенттер мен магистранттардың білім беру нәтижелері мен құзыреттерін қалыптастырудың міндетті де, жетілдірілген де деңгейлері нақты айқындалды. Бұл өз кезегінде педагогика және психология саласындағы болашақ мамандарды даярлау сапасын арттыратын білімді тереңірек түсінуге және практикалық түрде қолдануға мүмкіндік береді.

6В01101 (бакалавриат) және 7М01101 (магистратура) ББ бойынша ақпаратты қарастыра отырып, 2025-2026 жылдарға арналған білім беру бағдарламаларын сүйемелдеу жөніндегі академиялық комитеттің жоспары мен құрамын бекіту туралы шешім қабылданды.

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.