Ғылыми-техникалық кеңес отырысы

26.01.2026 ж. Академияның негізгі корпусындағы конференц-залда кеңейтілген Ғылыми-техникалық кеңес отырысы өтті. Отырысқа барлық ҒТК мүшелері, ҒЗЖ және ҒЗЖМ бойынша жауапты тұлғалар, кафедра меңгерушілері қатысты. Отырыста Академияның ғылыми қызметін дамытуға қатысты негізгі мәселелер қаралды.

Күн тәртібінің бірінші мәселесі – 2025 жылғы Академияның даму Стратегиялық жоспарының (ғылыми бағыт) орындалуы туралы есеп болды. Бұл мәселе бойынша Ғылыми-техникалық кеңестің төрағасы баяндама жасап, Академияның ғылыми саладағы негізгі жетістіктерін атап өтіп, әрі қарайғы даму бағыттарын белгіледі.

Келесі мәселе ретінде Ғылыми орталықтың және кафедралардың ППҚ бойынша ҒЗЖ жауаптыларының 2025 жылғы есептері тыңдалды. Ғылыми-зерттеу жұмысына жауапты тұлғалар отырыс қатысушыларына жүргізілген зерттеулердің нәтижелері, ағымдағы ғылыми жобалардың жағдайы және қол жеткізілген көрсеткіштер туралы ақпарат берді.

Үшінші күн тәртібі мәселесі – Ғылыми орталықтың 2026 жылғы жұмыс жоспарын бекіту болды. ҒО жетекшісі негізгі қызмет бағыттары, басым жобалар мен күтілетін нәтижелерді таныстырып, ғылыми жұмыстың сапасы мен кафедралармен өзара әрекеттесу талаптарын белгіледі.

Арнайы назар магистранттар мен басқа жоғарғы оқу орындарының ғалымдары үшін ғылыми тағылымдамаларды ұйымдастыруға және өткізуге аударылды. ҒТК төрағасы қатысушылардың ғылыми құзыреттілігін арттыруға және Академияның халықаралық ынтымақтастығын дамытуға бағытталған тағылымдамаларды өткізу ұсыныстарын таныстырды.

«Әртүрлі» бөлімінде отырыс қатысушылары Академияның 30 жылдығын өткізу жоспарын талқылады, сондай-ақ ғылыми қызметті дамыту мен Академияның ұлттық және халықаралық деңгейдегі позицияларын нығайтуға қатысты басқа да мәселелер қаралды.

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.