Ғылыми-техникалық кеңес отырысы

22.12.2025 ж. конференц-залда Ғылыми-техникалық кеңестің отырысы өтті. Отырыс барысында Академиядағы ғылыми қызметті дамытуға бағытталған маңызды мәселелер талқыланды.
Күн тәртібіндегі алғашқы мәселе Академияның халықаралық рейтингтер мен индекстерге қатысуға дайындалуы болды. Бұл мәселе бойынша Ғылыми-техникалық кеңестің төрағасы Асакаева Д.С. баяндама жасап, Академияның халықаралық деңгейдегі көрсеткіштерін арттыруға бағытталған негізгі талаптар мен басым бағыттарды атап өтті.
Келесі мәселе монографиялар, оқу құралдары және әдістемелік материалдарды дайындау және басып шығару мәселелеріне арналды. Ғылым және халықаралық байланыс басқармасының (ҒжХББ) басшысы Хасенов Б.Р. және ғылыми-зерттеу жұмыстарына жауапты тұлғалар баспа қызметінің қазіргі жағдайы, ғылыми және оқу-әдістемелік басылымдардың сапасына қойылатын талаптар мен осы бағытты дамытудың перспективалары туралы ақпарат ұсынды.
Сонымен қатар Академияда ғылымды дамытуға бағытталған оқыту семинарларын, тренингтер мен курстарды өткізу мәселесіне ерекше назар аударылды. ҒжХББ басшысы Хасенов Б.Р. профессор-оқытушылар құрамы мен білім алушылардың ғылыми әлеуетін арттыруға бағытталған іс-шараларды ұйымдастыру жөніндегі ұсыныстарды таныстырды.
«Әр түрлі» бөлімінде «Қазіргі заманғы маңызды мәселелер» ғылыми журналының редакциялық алқасының жаңа құрамы бекітіліп, Академияның ғылыми қызметін ұйымдастыруға қатысты басқа да мәселелер қаралды.

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.