Ғылыми-техникалық кеңес отырысы

01.12.2025 ж. конференц-залда Ғылыми-техникалық кеңестің отырысы өтті. Отырыс Академияның ғылыми және ғылыми-зерттеу қызметіне қатысты өзекті мәселелерді талқылауға арналды.
Отырыс барысында студенттерге, магистранттар мен докторанттарға арналған жоғары оқу орны ішіндегі ғылыми конкурстарды дайындау және өткізу мәселелері қарастырылды. Аталған мәселе бойынша ғылыми жұмыс және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі проректор Асакаева Д.С. баяндама жасады.
Сонымен қатар профессор-оқытушылар құрамының жарияланымдық белсенділігіне ерекше назар аударылды. Атап айтқанда, Scopus, Web of Science дерекқорларында және ҒжЖБССҚК ұсынған басылымдарда мақалалар жариялау мәселелері талқыланды. Бұл бағыт бойынша ғылыми-зерттеу жұмысына жауапты тұлғалар сөз сөйледі.
Күн тәртібіндегі маңызды мәселелердің бірі – Академия студенттерінің ғылыми-зерттеу жұмыстары бойынша республикалық және халықаралық конкурстарға (СҒЗЖ), олимпиадаларға және ғылыми жобаларға қатысу перспективалары болды. СҒЗЖ-на жауапты мамандар студенттік ғылымды дамытудың мүмкіндіктері мен негізгі бағыттарын атап өтті.
«Әр түрлі» бөлімінде Академияның ғылыми қызметін ұйымдастыру және дамытуға қатысты қосымша мәселелер қаралды.

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.