ҒЫЛЫМИ ЗЕРТТЕУЛЕР, ГУМАНИТАРЛЫҚ ПЕДАГОГИКА ЖӘНЕ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТӘЛІМГЕРЛІК ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ

30 қарашада Ресей халықтар достығы университетінде онлайн-режимде «Көпмәдениетті кеңістіктегі маманның коммуникативтік мәдениеті» ХХVI Халықаралық ЖОО аралық студенттік ғылыми-практикалық конференциясы өтті.

Конференция заманауи кәсіби сөйлеу ақпараттық ортасындағы коммуникацияның өзекті мәселелеріне; кәсіби-іскерлік қарым-қатынастағы дәстүрлер мен инновацияларға; кәсіби-іскерлік қарым-қатынастың дискурсивті стратегияларына; тілдің, тарихтың, мәдениеттің өзара байланысы мәселелеріне; шешендік өнер мәселелеріне; мәдениетаралық коммуникация мәселелеріне арналды.

«Bolashaq» Академиясынан келесі студенттердің баяндамалары ұсынылды:

1.Нұрманова Қарлығаш. (ПМНО-24-1с, ғылыми жетекшісі – п.ғ.к., доцент Бокижанова Г. К.). Тақырыбы: «Мария Рамазанқызы Кондубаева-лингвист ғалым».

2.Позднякова Александра (ДОВ-24-1с, ғылыми жетекшісі – п.ғ.к., доцент Бокижанова Г. К.). Тақырыбы: «Турсунов Д.Т.- зерттеуші ғалым».Позднякова-АлександраСкачать

3.Цурикова Мария (ДОВ-24-1к, ғылыми жетекшісі – п.ғ.к., доцент Әбілқасымова Г.). Тақырыбы: «Профессор Х. М.Сайкиевтің ғылыми қызметі». Цурикова-МарияСкачать

4.Лоскутова Наталья (ДОВ-24-1к, ғылыми жетекшісі – п.ғ.к., доцент Шалтаева Р. Ж.). Тақырыбы: «Копыленко М.М. − Қазақстанның лингвист ғалымы»

5.Качмашева Диана (ДОВ-24-1к, ғылыми жетекшісі – аға оқытушы Жанысбаева Р.М.). Тақырыбы: «Нұртазина Р. Б. − жаңашыл педагог».

Конференция қорытындысы бойынша Академия студенттеріне қатысушы сертификаттары табысталды.

Ғылыми зерттеулер, гуманитарлық педагогика және педагогикалық тәлімгерлік орталығының студенттері мен ғылыми жетекшілерді құттықтаймыз! Сіздерге зор денсаулық, ғылыми-зерттеу жұмысында табыс тілейміз!

п.ғ.к., доцент Бокижанова Г. К.

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.