Ғылыми-зерттеу жұмысы бойынша Конкурс

«Bolashaq» Академиясы 2026 жылдың  26 қаңтары мен 6 наурызы аралығында “Bolashaq Science Awards” ғылыми жобалар конкурсын жариялайды.

Өтінімдерді қабылдау: 2026 жылдың 26 қаңтары мен 6 наурызы.

Нәтижелерді жариялау уақыты: 2026 жылдың 16 наурызы.

Жүлде қоры:          1 500 000 теңге:

                                1-орын – 800 000 теңге

                                2-орын – 500 000 теңге

                                3-орын – 200 000 теңге.

Конкурстың мақсаты – Академиядағы ғылыми-зерттеу және инновациялық қызметті дамыту, ПОҚ, жас ғалымдар мен білім алушылардың ғылыми әлеуетін арттыру, ғылыми мектеп қалыптастыру және республикалық әрі халықаралық гранттарға дайындық жүргізу.

Ғылыми бағыттары:

  1. Елдің зияткерлік әлеуеті
  2. Өмір және денсаулық туралы ғылым.

Қатысушылар: ПОҚ, ғылыми қызметкерлер, докторанттар, магистранттар, студенттер және сыртқы ғалымдар (қоса орындаушы ретінде).

Жоба жетекшісі: PhD, ғылым докторы немесе кандидаты бар Академия қызметкері.

Зерттеудің түрі: іргелі немесе қолданбалы.

Орындау мерзімі: – 8 айға дейін (2026 жылдың қарашасы).

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.