«Bolashaq» академиясы студенттер мен магистранттардың ғылыми-зерттеу жұмыстарының байқауының өткізілетінін хабарлайды.
Байқаудың мақсаты – білім алушылардың ғылыми-зерттеу қызметіне қызығушылығын арттыру, зерттеушілік және шығармашылық әлеуетін дамыту, сондай-ақ үздік ғылыми жұмыстарды республикалық деңгейдегі байқауларға ұсыну.
Байқауға «Bolashaq» академиясының барлық курс студенттері мен магистранттары, соның ішінде 3 адамға дейінгі авторлық ұжымдар қатыса алады. Ғылыми жұмыстар қазақ, орыс немесе ағылшын тілдерінде орындалып, зерттеушілік сипатта болуы, ғылыми және практикалық маңызға ие дербес қорытындыларды қамтуы тиіс.
Байқау 8 ғылыми-зерттеу бағыты бойынша өткізіледі. Аталған бағыттар педагогика және психология, әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар, құқықтану, қаржы-экономика, филология және тілдер, сондай-ақ химия-фармацевтика және биология-медицина салаларын қамтиды.
Байқау екі кезеңде жүзеге асырылады:
- I кезең (кафедралық) – 5 қаңтардан 10 ақпанға дейін;
- II кезең (академиялық) – 11–16 ақпан аралығында, ғылыми жұмыстарды сараптау және авторлармен сұхбаттасу арқылы.
Байқау жеңімпаздары ақшалай сыйақылармен, дипломдармен марапатталады және Қазақстан Республикасының базалық жоғары оқу орындарында өтетін келесі кезеңге қатысуға ұсынылады.
Байқауға қатысушылар «Жастар және қазіргі заманның жаһандық мәселелері» атты республикалық ғылыми-практикалық конференцияда баяндама жасап, конференцияның ұйымдастыру жарнасынан босатылады.
Ғылыми жұмыстарды рәсімдеуге қойылатын талаптар, бағалау критерийлері мен байқауды өткізу тәртібі НИРС байқауы туралы Ережеде толық көрсетілген.