«Bolashaq» Академиясы Академияның 30 жылдығына орай студенттер мен магистранттардың «New Voices in Science» ғылыми жұмыстары конкурсының өткізілетінін жариялайды.
Конкурсқа жоғары оқу орындарының студенттері мен магистранттары қатыса алады (жеке немесе 2 автордан аспайтын бірлескен түрде). Бір қатысушыдан бір жұмыс қабылданады.
Бағыттар:
– әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар;
– өмір және денсаулық туралы ғылымдар;
– пәнаралық зерттеулер.
Жұмыс тілдері: қазақ, орыс, ағылшын.
Талаптар: көлемі 5–10 бет, түпнұсқалылығы кемінде 70%, рәсімдеу талаптарға сәйкес (A4, Times New Roman 14 pt, APA 7).
Жұмыстар 2026 жылғы 13 наурызға дейін қабылданады.
Марапаттау 2026 жылғы 10 сәуірде өтеді.
Жеңімпаздар I, II, III дәрежелі дипломдармен марапатталады, барлық қатысушыларға сертификаттар беріледі. Үздік жұмыстар жариялауға ұсынылуы мүмкін.
Материалдарды келесі электрондық поштаға жіберу қажет:
newvoicesinscience@bolashaq.edu.kz