Әбу Насыр Әл-Фарабидің 1150 жылдығына арналған Халықаралық онлайн конференция «ӘЛ-ФАРАБИ МҰРАСЫ»

2020 жылдың 14 мамырында әл-Фараби Орталығы ұлы ойшыл Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдығына арналған “Әл-Фараби мұрасы” атты халықаралық онлайн конференция өткізеді. Конференция жұмысында Қазақстандық қоғамның рухани дамуы мен қазіргі заманғы сын-қатерлер контекстінде Әл-Фараби интеллектуалдық мұрасын зерттеудің өзекті мәселелері талқыланады.
Халықаралық онлайн конференция жұмысына Қазақстаннан, алыс және жақын шетелдерден фарабитану саласындағы мамандар қатысады.
Конференцияның жұмыс тілдері: қазақ, орыс, ағылшын.
Конференцияға қатысу формасы:
а) панельдік пікірталасқа баяндамамен қашықтықтан қатысу;
б) баяндамасыз қатысу.

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.