«Квиз студент жастардың шығармашылық және зияткерлік даму ресурсы ретінде» оқыту семинары

2025 жылғы 15 қаңтарда ЖБП кафедрасының аға оқытушысы А.У. Илясова «Квиз студент жастардың шығармашылық және зияткерлік даму ресурсы ретінде» оқыту семинарының модераторы болды. Семинар барлық қатысушылар «Қарағанды өңірінің тарихын білесіз бе?» командалық зияткерлік ойын-квизіне қатысқан тәжірибелік-бағытталған сабақ болды.

Қатысушылар 6 командаға бөлінді. Әрбір команда өз капитаны мен атауын таңдады. Өзара «Симбиоз», «Первые», «Фармаки», «Кварта», «Дружба» және «Авангард» командалары жарысты, оларға «Bolashaq» академиясының профессорлық-оқытушылық құрамының барлық кафедраларының өкілдері кірді.

Квиз 10 тапсырма бойынша үш турдан тұрды, олардың әрқайсысы күрделене түсті. Біріншісінде ұсынылған үш жауаптың ішінен дұрыс жауап таңдау керек болды, екіншісінде кроссворд толтырып, үшіншісінде қалалық нысандардың бұрынғы және қолданыстағы атауын, сәулет құрылыстары мен басқа да стационарлық негіздердегі кескіндемені білдіретін монументалды өнер атауларын атау қажет болды.

Командалар әр турға арналған арнайы бланкіге өз жауаптарын жазып, раунд аяқталғаннан кейін оларды квиз модераторының көмекшісіне ЖБП кафедрасының аға оқытушысы А.Б. Космановаға тапсырды.

Әр турдан өткеннен кейін дұрыс жауаптар беріліп, балдар санағы жүргізілді. Бірінші турдың қорытындысы бойынша «Авангард» және «Дружба» командалары 6 ұпаймен, екінші турдың қорытындысы бойынша «Симбиоз» – 9 ұпай және «Фармаки» – 8 ұпай, үшінші турдың қорытындысы бойынша «Первые» – 7 ұпай және «Симбиоз» және «Авангард» командалары 5 ұпаймен көш бастады. «Симбиоз» командасы 19 ұпай және «Авангард» командасы 18 ұпай алды. Бұл командалардың қатысушыларына естелік сыйлықтар – суретші В.А. Проценконың «Наурыз күні» картинасынан «Bolashaq» Академиясының әкімшілік ғимараты бейнеленген пошталық ашық хаттар және «Bolashaq» Академиясы ғимаратының тарихы» сериясынан (Ерубаев көшесі, 16) жасалған ашық хат табыс етілді.

Командалар арасында жарыстық рух орнады, көптеген тапсырмалар серуендеуге және қалалық нысандарға назар аударуға ықылас тудырды. Квизға қатысушылар педагогикалық қызметте квиздерді қолдану назар аудару мен логиканы арттыру үшін танымдық құрал болып табылады, шыдамдылықты дамытады, пәндер бойынша зерделенген материалды бекіту бойынша сабақтың әмбебап нысаны ретінде пайдаланылуы мүмкін деген пікірге келді.

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.