«Қазақ филологиясы: бүгіні мен болашағы» №4 секция отырысының есебі

«Bolashaq» Академиясының қолдауымен 2026 жылдың 27 ақпанында өткен «Жастар және қазіргі заманауи әлемдегі мәселелер» тақырыбында өткен студенттер, магистранттар, докторанттар және жас ғалымдардың республикалық ғылыми-практикалық конференциясының филология бағыты бойынша секциялық мәжілісі өтті.                  

«Қазақ филологиясы: бүгіні мен болашағы» атты №4 секция жұмысына қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының оқытушылары, Қарағанды және Ұлытау облыстарының жалпы орта білім беретін мектептер мұғалімдері, ЖОО қазақ тілі мен әдебиеті білім беру бағдарламасы магистранттары мен студенттері, атап айтқанда Е.А.Бөкетов ат. Қарағанды Ұлттық зерттеу университеті, М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті, Түркия, Кастамону университетінің қазақ тілі мен әдебиеті білім беру бағдарламасынан қатысты. Ғылыми-практикалық конференциясының секциялық жиналысында баяндама жасаушылар баяндамаларымен таныстырып, ойларын ортаға салды, сұрақтарға жауап беріп, пікірлерімен алмасты. Секциялық мәжілісі қорытындыланып, ерекшеленгендеріне орындар бөлінді.

Секциялық мәжілісі қорытындыланып, ғылымилығы мен өзектілігіне қарай көзге түскен мақалаларды атап өттік:

1-орын. Байтилесова Ж. Д., «Bolashaq» академиясының 2 курс магистранты, Қарағанды, Қазақстан Республикасы

Ғылыми жетекші: педагогика ғылымдарының магистрі «Bolashaq» академиясының қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының аға оқытушысы Жанузахова Қ. Қ.

Мақала тақырыбы: Контрастивтік лингвистиканың басқа лингвистикалармен арақатынасы

2-орын. Исақан А., Қолдас Ж., академик Е.А. Бөкетов ат. Қарағанды ұлттық зерттеу университетінің 3-курс студенттері, Қарағанды, Қазақстан Республикасы

Ғылыми жетекші: филология ғылымдарының кандидаты, пофессор Ж.Д.Рапишева.

Мақала тақырыбы: «Қызыл түске байланысты ассоциациялық эксперимент: қазақ халқының тілдік және мәдени санасындағы бейнелер»

2-орын. Мекемтас A.Н., академик Е.А. Бөкетов ат. Қарағанды ұлттық зерттеу университетінің 3-курс студенті, Қарағанды, Қазақстан.

Ғылыми жетекші: филология ғылымдарының кандидаты, пофессор Рапишева Ж.Д.

Мақала тақырыбы: «Дыбыс пен мағына арасындағы мағыналық-символикалық байланыс: эксперименттік зерттеу»

3-орын. Әбдіәзім Н., Зәуірбек А., академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды ұлттық зерттеу университетінің 3-курс студенттері, Қарағанды, Қазақстан Республикасы,

Ғылыми жетекші: филология ғылымдарының кандидаты, профессор Рапишева Ж.Д.

Мақала тақырыбы: «Аудaрмa үдерісіндегі кaлькa: мaғынaлық дәлдік пен стильдік сәйкестік мәселелері»

3-орын. Төлеуова Ш.М., Жанузахова Қ. Қ., «Bolashaq» академиясы, Қарағанды, Қазақстан Республикасы

Мақала тақырыбы: «Түр-түс атауларының танымдық дәрежесі»

3-орын. Смагулова Г., «Қазақ тілі мен әдебиеті» білім беру бағдарламасының магистранты, «Bolashaq» академиясы, Қарағанды, Қазақстан Республикасы.

Ғылыми жетекші: филология ғылымдарының кандидаты, профессор Сембиев К.З.

Мақала тақырыбы: «Мұхтар Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясындағы есімді сөйлемдердің құрылымдық және функционалдық ерекшеліктері»  

«Жастар және қазіргі заманауи әлемдегі мәселелер» тақырыбында өткен студенттер, магистранттар, докторанттар және жас ғалымдардың республикалық ғылыми-практикалық конференциясына білім беру бағдарламасы магистранттарының, әсіресе студенттерінің қызығушылықпен қатысқандығы байқалды.

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.