«Фармакогност» ғылыми студенттік үйірмесі студенттердің фармакогнозия, Фитохимия және табиғи заттарды алу технологиялары саласындағы кәсіби, зерттеу және әлеуметтік жауапты құзыреттерін қалыптастыруға бағытталған оқу-ғылыми, тәрбиелік-қоғамдық және волонтерлік қызметті жүзеге асырады. Үйірме жұмысы шеңберінде білім алушылар дәрілік өсімдік шикізатын морфологиялық, анатомиялық және фитохимиялық талдау әдістерін меңгереді, ғылыми-зерттеу жобалары мен стартап-бастамаларға (оның ішінде «EcoCare») қатысады, түрлі деңгейдегі конференциялар үшін жарияланымдар мен баяндамалар дайындайды. Тәрбиелік-қоғамдық және волонтерлік бағыт табиғи ресурстарды ұтымды және экологиялық жауапты пайдалануды насихаттау, Академияның ағартушылық семинарларына, ғылыми-білім беру іс-шараларына қатысу, сондай-ақ студенттерді тұрақты ойлауды, көшбасшылық қасиеттерді, командалық жұмысты және болашақ мамандардың кәсіби этикасын дамытуға ықпал ететін эко-бастамалар мен әлеуметтік маңызы бар жобаларға тарту арқылы іске асырылады.