2026 жылғы 26 қаңтарда Шетел тілдері және мәдениетаралық коммуникация кафедрасының оқытушылары Әбілжан Алтынай Болатқызы және Абдрешева Мадина Каббасовна Қарағанды қаласындағы №16 мектепте кәсіби бағдар беру жұмыстарын жүргізді.

Кездесу барысында оқушыларға «Bolashaq» академиясы, сондай-ақ «Шетел тілі және екі шетел тілі» білім беру бағдарламасы таныстырылды. Оқытушылар оқу үдерісінің ерекшеліктері, пәндер мазмұны, академиялық ұтқырлық мүмкіндіктері, студенттердің ғылыми-зерттеу қызметі, түлектердің жұмысқа орналасу перспективалары және академияға түсу шарттары туралы толық ақпарат берді.


Оқушылар үлкен қызығушылық танытып, қабылдау емтихандары, гранттар және студенттік өмірге қатысты сұрақтар қойды. Өткізілген кездесу тіл білімі мен мәдениетаралық коммуникация саласындағы кәсіби мүмкіндіктер туралы оқушылардың ақпараттануын арттыруға ықпал етті.