Қарағанды №15 жалпы білім беру мектебінде мансаптық бағдар беру бойынша кездесу

Кәсіптік бағдар беру және имиджді насихаттау жоспарына сәйкес, 2026 жылдың 29 қаңтарында Қарағанды ​​№15 жалпы білім беру мектебінде фармацевтикалық пәндер кафедрасының аға оқытушысы К.С. Темиреева және х.ғ.к доцент Р.Б. Шащанованың  ұйымдастыруымен кәсіптік бағдар беру бойынша кездесу өтті.

Іс-шараға Директордың орынбасары Мукажанова Ж.М., кәсіптік бағдар беруші Кудебаева А.К, Сайлау Ә.М, және 10сынып оқушыларынан – 70 оқушы (қазақ және орыс тобы), 11 сынып оқушыларынан – 72 оқушы (қазақ және орыс тобы) қатысты.

Іс-шара барысында «Bolashaq» Академиясында ұсынылатын барлық мамандықтар және негізгі қабылдау ережелері туралы жалпы ақпарат беріліп, академиямыз туралы бейнеролик көрсетілді. Қатысушыларға Академия туралы ақпараттық материалдар да таратылды.

Мектеп оқушылары мен мұғалімдері белсенді қызығушылық танытып, Эрудит олимпиадасы жайлы сұрақтар қойылды: неше адам қатысуға болатыны жайлы, «Bolashaq» академиясына педагогика, құқықтану мамандықтарына  оқуға түсу үшін қандай пәндерді тапсыру керектігін, білім беру бағдарламасының құны мен ұзақтығы, гранттар жайлы, жатақханада тұру мүмкіндігі туралы сұрақтар қойды. К.С. Темиреева мен Р.Б. Шащанова  барлық сұрақтарға егжей-тегжейлі жауап берді, содан кейін мектеп оқушылары Академияның қабылдау комиссиясының байланыс ақпаратын жазып алды.

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.