13.12.2024 күні фармацевтикалық пәндер кафедрасының оқытушысы Темиреева Назым Багдаулетовна Шәкен Аймановтың туғанына 110 жыл толуына орай Фм 23-2 тобына “Шәкен Айманов – қазақ киносының жарық жұлдызы” тақырыбында ақпараттық сағат өткізді.
Бүгін әйгілі режиссер, актер, КСРО халық әртісі Шәкен Аймановтың туғанына 110 жыл. Киногердің туындылары «Қазақ киносының алтын қорына» енген. Ал оның театр сахнасы мен кинодағы образдары актерлік шеберліктің үлгісіне айналды.
Бұл ақпараттық сағаттың негізгі мақсаты: Қазақ киносының саңлағы, дарынды актер, шебер кинорежиссер, Қазақстанның және КСРО-ның Халық әртісі Шәкен Аймановтың өмір жолы,туып-өскен, оқып білім алған ортасы, қызмет еткен орындары туралы рухани білім беру. Қазақ киносының негізін салушы екеніне көздерін жеткізу. Шәкен Аймановты дарынды актер және шебер режиссер ретінде насихаттау арқылы шығармашылық дағдыларын қалыптастыру.
Іс-шара барысында Фм 23-2 тобының студенті Қарабаева Гүлнұр өзінің ойын білдірді: “Шәкен Аймановтың есімі қазақ киносымен қатар айтылады. Себебі оның режиссерлігімен түсірілген туындылар ұлттық кино тарыхының бастау бұлағында тұр. «Алдар көсе», «Атамекен», «Тақиялы періште, «Біздің сүйікті дәрігер», «Атаманның ақыры» сынды фильмдері талай ұрпақты тәрбиеледі. Экранға шыққанына жарты ғасырдан асса да, көрерменін жоғалтпаған классикалық туындылар.”
Іс шара соңында Шәкен Аймановтың төл туындысы «Атамекен» киносын қатысушылар бірге тамашалады.