2025 жылдың 10 қазанында академия дәрігері С.Г. Куур, «Болашақ» Республикасы мен «Мейірім» волонтерлық ұйымымен бірлесе отырып, 1-4 курс студенттерімен кездесіп, аскорбин қышқылы дәруменін тегін таратты.

Кездесу барысында дәрігер барлық аудиторияларды жеке аралап, басқа қаладан келген студенттерді Қарағанды қаласының емханаларына тіркеу рәсімінің маңыздылығын түсіндірді. Сонымен қатар, туберкулезге қарсы флюрографиялық тексерістен өту қажеттігін де ерекше атап өтті.

Светлана Геральдовна «ЖРВИ, Тұмау, Covid 19: симптомдар, емдеу, алдын алу» тақырыбында шағын дәріс оқып, бұл аурудың белгілері мен оны болдырмаудың жолдары туралы құнды кеңестер берді.

Кездесу соңында дәрігер денсаулықты сақтау – әр адамның жеке жауапкершілігі екенін баса айтып, студенттерді өз денсаулығына ұқыпты қарауға шақырды.