Қазақстан Республикасының Конституциясының 30 жылдығына орай халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізілді

5 желтоқсан күні «Bolashaq» Академиясында Құқықтық және қаржылық пәндер кафедрасының ұйымдастыруымен «Қазақстан Республикасының құқықтық жүйесін дамыту перспективасы» тақырыбында ҚР Конституциясының 30 жылдығына арналған Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.

Пленарлық мәжілісте алғы сөзді кафедра меңгерушісі, заң ғылымдарының кандидаты, профессор А.Т. Кабжанов айтты. Іс-шараға еліміздің түрлі өңірлерінен және шетелден 90-ға жуық мақалалар қабылданды.

Қазақстан Республикасының құқықтық жүйесін жаңғырту – мемлекеттің саяси, экономикалық және әлеуметтік тұрақтылығын қамтамасыз етудің басты бағыттарының бірі. Құқықтық реформалардың негізгі мақсаты – құқық үстемдігін орнату, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын тиімді қорғау, заманауи талаптарға сай басқару жүйесін қалыптастыру.

Қазақстанның құқықтық жүйесін дамыту – ұзақ мерзімді, кешенді процесс. Ол саяси жаңғыру, цифрландыру, халықаралық стандарттарға үйлесімділік және қоғамның құқықтық мәдениетімен тікелей байланысты. Жүйелі реформалардың жалғасуы Қазақстанды құқық үстемдігі орныққан, демократиялық және ашық мемлекет ретінде дамытуға мүмкіндік береді.

Конференция онлайн және офлайн форматта өтті, бұл қатысушыларға кең көлемде пікір алмасуға мүмкіндік берді. Бүгінгі өткен конференция өз мақсаттары мен міндеттерін толық орындап, қатысушылар арасында өзекті мәселелер бойынша терең пікір алмасу алаңына айналды. Жарыссөздер барысында жаңа көзқарастар ұсынылып, практикалық шешімдер қарастырылды, сондай-ақ әр сала мамандарының тәжірибе алмасуына мүмкіндік жасалды.

Қатысушылар ұсынған ой-пікірлер мен зерттеу нәтижелері конференцияның ғылыми және практикалық маңызын арттыра түсті. Әсіресе, талқылау барысында ортақ проблемаларды анықтап қана қоймай, оларды шешудің нақты бағыттары белгіленді. Бұл болашақтағы ғылыми зерттеулер мен жобаларға негіз бола алады.

Қазақстан Республикасының құқықтық жүйесін дамыту бойынша өткен конференция өз мақсаттарына толықтай жетті. Жаңаша көзқарастар мен инновациялық шешімдер талқыланып, еліміздің құқықтық жүйесін жаңғырту жолындағы маңызды қадамдар белгіленді. Пікір алмасу алаңы болған бұл іс-шара ғылыми ізденістер мен тәжірибелік шешімдер үшін негіз боларлықтай мәнге ие болды. Құқықтық және қаржылық пәндер кафедрасына, ұйымдастырушыларға және барлық қатысушыларға зор алғыс білдіреміз. Баршаңызға үлкен жетістіктер мен жаңа ғылыми бастамалар тілейміз!

«Bolashaq» Академиясының Құқықтық және қаржылық пәндер кафедрасына, конференцияға қатысқан барлық зерттеушілер мен практиктерге шынайы алғысымызды білдіреміз. Бұл іс-шараны өткізуге атсалысқан барша ұйымдастырушылар мен қатысушыларға үлкен ризашылығымызды білдіреміз. Біздің ортақ мақсатымыз – Қазақстан Республикасының құқықтық жүйесін дамытуға қосқан үлесіміз болашақта көрініс тауып, еліміз үшін зор маңызға ие болады.

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.