Алқалы басқару органдары

ЖОО атауыБасқарудың алқалы органыЖылыСандық және сапалық құрамыҚұзыреті
1ЖММ «Bolashaq» Академиясы Алқалы басқару органдары20179 адам: әлеуметтік серіктестердің өкілдері, жергілікті өкілдік органдар, атқарушы органдар, құқық қорғау органдары, коммерциялық емес ұйымдар, жұмыс берушілер, ата-ана.Оқу орны студенттерінің құқықтарының сақталуына және жоғары оқу орнының шотына түскен қайырымдылық көмектің жұмсалуына қоғамдық бақылау жүргізеді; академия жарғысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөнінде ұсыныстар әзірлейді; академияның басым бағыттарын айқындау бойынша ұсынымдар дайындайды; жетім және аз қамтылған студенттерді қолдау, жеңілдіктер беру мәселелері бойынша шараларды жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлейді; білім беру ұйымына қайырымдылық көмек ретінде түскен қаржылық қаражатты бөлуге қатысып, олардың нысаналы жұмсалуына шешім қабылдайды; академия бюджеті қалыптастырылған кезде ұсыныстар енгізеді; ректордың (қажет болған жағдайда проректорлардың да) есептерін, соның ішінде білім беру қызметтерін сапалы ұсыну мәселелері бойынша есептерін тыңдайды; академия қызметіне қатысты конференциялар, кеңестер мен семинарларға қатысады; білім беру ұйымының қызметімен, студенттерге жасалған жағдайлармен және басқа да мәселелермен танысады.
2ЖММ «Bolashaq» Академиясы Ғылыми кеңес199651 адам: проректорлар, құрылымдық бөлімдердің басшылары, кафедра өкілдері, алқалы басқару органдарының өкілдері, ата-ана, жұмыс беруші өкілі, студенттер, Түлектер клубының төрағасы.Оқу, ғылыми-зерттеу, тәрбие және шаруашылық қызметін ұйымдастыру мәселелерін қарастырады; ректордың, проректорлардың, құрылымдық бөлімдер басшыларының оқу, ғылыми-зерттеу, тәрбие, қаржылық, халықаралық қызметті жүргізу түрлері мен әдістері туралы есептерін тыңдайды; магистранттардың тақырыптары мен ғылыми жетекшілерін бекітеді; оқулықтар, оқу құралдары мен оқу-әдістемелік әзірлемелерді шығаруды бекітеді; құрметті атақтар мен атаулы стипендияларды бекітеді және береді; есептерді талдау негізінде құрылымдық бөлімдердің қызметін бағалайды.
3ЖММ «Bolashaq» Академиясы Ректорат199629 адам: проректорлар, кафедра меңгерушілері, құрылымдық бөлім басшылары.Ректордың өкілеттіктерінің, оның бұйрықтары, өкімдері мен тапсырмаларының орындалуын қамтамасыз етеді, соның ішінде Ғылыми кеңес пен академияның өзге де басқару органдарының құзыретіне кіретін мәселелерді алдын ала талдап, солар бойынша ұсынымдар дайындайды.
Ректорат отырыстарында оқу, ғылыми және тәрбие үдерістерін ұйымдастыру сапасын арттыруға бағытталған мәселелер, жекелеген құрылымдық бөлімшелердің жұмыс нәтижелері, студенттердің білім сапасын арттыру, профессор-оқытушылар құрамының біліктілігін сақтау және дамыту жөніндегі есептер мен өзге де маңызды тақырыптар қарастырылады.
4ЖММ «Bolashaq» Академиясы Оқу-әдістемелік 199724 мүшеОқу-тәрбие үдерісін тиімді ұйымдастыруды, барлық оқу түрлерінің сапалы өткізілуін, профессор-оқытушылар құрамының кәсіби деңгейін арттыруды және білім беру бағдарламаларын сапалы әзірлеуді қамтамасыз етеді. Мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттардың талаптарын ескере отырып, жұмыс оқу жоспарлары мен бағдарламаларының сараптамасын ұйымдастырады; кафедралардың әдістемелік секцияларының жұмыс жоспарларын қарастырады және келіседі; жекелеген пәндер бойынша жұмыс оқу бағдарламаларын талқылайды және бекітеді; оқу процесін оқу-әдістемелік қамтамасыз ету мәселелерін қарайды; әдістемелік қамтамасыз етуге қатысты нормативтік құқықтық актілердің жобаларын жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізеді; оқу құралдары мен әдістемелік нұсқаулықтарды, соның ішінде электрондық тасымалдағыштарда дайындалғандарын әзірлеуді ұйымдастырады; оқу-тәрбие үдерісін жетілдіруге бағытталған түрлі әдістемелік жұмыстардың түрлерін енгізу мәселелерін қарап, педагог қызметкерлерге практикалық көмек көрсетеді және т.б.
5ЖММ «Bolashaq» Академиясы Ғылыми-техникалық кеңес200718 адам: ғылыми жұмыс және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі проректор, құрылымдық бөлім басшылары, ғылыми-зерттеу орталықтарының директорлары, жас ғалымдар кеңесінің төрағасы, жоғары оқу орнының жетекші ғалымдары.Академияның ғылыми-техникалық және педагогикалық кадрларының ғылыми өнім жасауға қатысуын және ғылыми зерттеулер нәтижелерінің бәсекеге қабілеттілігін арттыруды қамтамасыз етеді; іргелі ғылыми зерттеулер бойынша ғылыми сараптама жүргізеді; іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулер саласындағы ғылыми-зерттеу қызметін басқа ұйымдармен үйлестіреді; Академия ғалымдарының перспективалы ғылыми-зерттеу жұмыстарын іріктеп, инновацияға ұсынуды жүзеге асырады; инновациялық қызметтің дамуына ықпал етеді; жетекші ғылыми орталықтармен, соның ішінде халықаралық бағдарламалар мен жобалар аясындағы ынтымақтастықты
6ЖММ «Bolashaq» Академиясы Этика және комплаенс бақылау кеңесі20199 адам: ұжымдағы ғылыми және этикалық қатынастардың сараптамалық бағалау тәжірибесі бар тұлғалар.Академия студентінің Құрмет кодексінде және академиялық адалдық ережелерінде көрсетілген этикалық нормалардың ұжым мүшелері тарапынан сақталуына жалпы бақылауды жүзеге асырады; этика мәселелері бойынша академияның нормативтік құжаттарына өзгерістер мен нақтылаулар енгізу жөнінде ұсыныстар әзірлейді; ағартушылық жұмыстарын жүргізеді, әдістемелік және кеңес беру көмегін көрсетеді; жоғары мемлекеттік органдардың бағдарламалық және тұжырымдамалық құжаттары бойынша түсіндіру жұмыстарын ұйымдастырады; білім беру саласындағы қолданыстағы заңнаманың нормативтік талаптарының орындалуына ішкі бақылау жүргізу; педагог қызметкерлердің этиканы сақтау жөніндегі жауапкершілік деңгейін арттыру; өз қызметі туралы бұқаралық ақпарат құралдарын хабардар ету, сондай-ақ кеңестің мақсаттары мен міндеттері, педагог қызметкерлердің құқықтарын қорғаудағы және ғылыми қауымдастықтың мүдделерін қамтамасыз етудегі рөлі туралы қоғамның кең топтарының ақпарат алуына жәрдемдесу.
7ЖММ «Bolashaq» Академиясы Жас ғалымдар кеңесі201517 адам: Академияда жұмыс істейтін және оқитын жас ғалымдар, магистранттар мен мамандар өкілдері.Жас ғалымдардың қатысуымен өтетін ғылыми конференцияларды, семинарларды, көшпелі мектептерді, көрмелерді, форумдар мен съездерді және басқа да іс-шараларды ұйымдастыру мен өткізуді жүзеге асырады; ЖМ «Bolashaq» Академиясының жас зерттеушілерінің кәсіби өсуіне, жастардың ғылыми бастамаларын дамытуға және жас ғылыми кадрларды академияда бекітуге ықпал етеді; жас ғалымдар мен мамандардың зерттеу нәтижелерін таратуға (енгізуге) жәрдемдеседі; жас ғалымдардың инновациялық қызметін қолдайды, ғылыми жастарға ақпараттық қамтамасыз етуді ұйымдастырады және өзге қоғамдық ұйымдармен бірлескен іс-шаралар өткізеді; жас ғалымдардың ғылыми жұмыстар байқауларына қатысуы барысында кеңес беру көмегін көрсетеді; сондай-ақ жас зерттеушілердің өмір сүру, еңбек ету және бос уақытын тиімді ұйымдастыру жағдайларын жақсартуға жәрдемдеседі.
8ЖММ «Bolashaq» Академиясы Кураторлар кеңесі20128 адам: кафедра меңгерушілерінің ұсынысы бойынша кафедра отырысында өткен сайлау нәтижесінде таңдалған кураторлардан тұрады (әр кафедрадан бір куратор).Бастапқы кураторларға кеңестік, әдістемелік және ұйымдастырушылық көмек көрсетеді; студенттік топтардың кураторларының жұмыс тәжірибесімен алмасуды ұйымдастырады; үздік кураторлардың тәжірибесін және кафедра кураторлар кеңестерінің жұмыс тәжірибесін, сондай-ақ елдің басқа жоғары оқу орындарындағы тәрбие жұмысын зерттеп, жинақтайды; кураторлардың жұмыс сапасын жетілдіруге байланысты шешімдер мен жобаларды бастамашылықпен ұсынады; кураторлардың студенттермен жұмыс істеуінің тиімді әдістерін енгізу бойынша ұсынымдар әзірлейді; кафедра кураторларының жұмысын үйлестіреді, бағыттайды және бақылайды; студенттік топ кураторларының есептерін тыңдайды; кураторлардың әдістемелік қамтамасыз етуі бойынша дерекқор қалыптастырады және жүргізеді, оған кафедра кураторларының жартыжылдық және жылдық есептері мен нормативтік құжаттар кіреді және т.б.
9ЖММ «Bolashaq» Академиясы Сапаны қамтамасыз ету жөніндегі комиссия2020Комиссия құрамына кафедралардың ең білікті, тәжірибелі оқытушылары, студенттер, магистранттар, докторанттар, бөлім басшылары және Академияның басқа академиялық қызметкерлері кіреді.
Комиссия бакалавриат, магистратура және докторантураның 9 білім беру бағдарламасы бойынша комиссияларды біріктіреді.
Комиссия тұрақты жұмыс істейтін басқару органы болып табылады. Ол білім беру бағдарламаларының мазмұны мен іске асырылу шарттары, бағалау саясаты және өзге де академиялық мәселелер бойынша шешімдер қабылдайды. Оқу бағдарламаларының және (немесе) пәндер мен модульдердің сапасына сәйкестігін, сондай-ақ академиялық адалдық қағидаларының бұзылу фактілерінің бар-жоғын анықтау мақсатында білім алушылар арасында сауалнама жүргізуді ұйымдастырады.
Комиссияның қызметі оқу үдерісінің барлық деңгейлерінде және іске асырылып жатқан білім беру бағдарламалары аясында білім сапасын арттыруға бағытталған.
10ЖММ «Bolashaq» Академиясы Студенттік өзін-өзі басқару ұйымы «Болашак» Республикасы199927 адам: Академияның студенттік белсенділеріСтуденттердің мүдделеріне сәйкес түрлі іс-шараларды өткізу бойынша ұсыныстар енгізеді; студенттерді әртүрлі іс-шараларға қатысуға және бос уақыттарын ұйымдастыруға тартады; белгілі ғалымдармен, мәдениет қайраткерлерімен кездесулер, дөңгелек үстелдер, пікірсайыстар, тақырыптық және шығармашылық кештерді өткізу жоспарына сәйкес ұйымдастырады; аудандық, қалалық, республикалық семинарлар, конференциялар, байқаулар және басқа да іс-шараларға қатысады.

Ғылыми кеңес

Қамқорлық кеңесі

Этика және комплаенс бақылау жөніндегі кеңес 

Ғылым-әдістемелік кеңес  

Ғылыми-техникалық кеңес 

Жас ғалымдар кеңесі

Кураторлар кеңесі

«Bolashaq» Республикасының студенттер кеңесі

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.