2026 жылғы 31 наурызда «Таза Қазақстан», фармацевтикалық пәндер кафедрасының тәрбие және әлеуметтік жұмысын іске асыру мақсатында, сондай-ақ ботаниканы тәжірибелік-бағытталған зерттеу және ботаникадан практикаға кіріспе ретінде кафедра оқытушысы Темиреева Назым Бағдаулетқызының жетекшілігімен «Фармация» БББ 1 және 3 курс студенттері Теміртау қаласының Ботаникалық бағына саяхат жасады. Сапар барысында студенттер тропикалық және субтропикалық […]
Yearly Archives: 2026
Қазіргі таңда академиялық ұтқырлық жоғары оқу орындарын дамытудың басым бағыттарының бірі болып табылады және заманауи білім беру кеңістігіне кірігу, тәжірибе алмасу, сондай-ақ Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындары арасындағы серіктестік байланыстарды нығайту мақсатында жүзеге асырылуда. Бағдарлама білім алушыларға уақытша басқа жоғары оқу орнында білім алуға, жаңа пәндерді меңгеруге, оқытудың өзге әдістемелерімен […]
«Bolashaq» Академиясы Академиялық ұтқырлық бойынша өзара ынтымақтастық туралы 01.10.2025 ж. №31 келісімге сәйкес Орталық Азия халықаралық медициналық университетімен (Манас қ., қазіргі Жалал-Абад қ., Қырғыз Республикасы) ынтымақтастық аясында оқытушылар мен студенттерге арналған сыртқы академиялық мобильділік бағдарламасын сәтті іске қосты. Осы бағдарлама аясында «Bolashaq» Академиясының фармацевтикалық пәндер кафедрасының доценті және биология ғылымдарының […]
2026 жылғы 20 наурызда «Педагогика» кафедрасының эдвайзерлері С.С. Шутенова және А.М. Тажинин «Педагогика және психология» (ПиП-24-1, ПиП-25-1) және «Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» (ПМНО-24-1, ПМНО-25-1) білім беру бағдарламаларының студенттерімен Наурыз мерекесіне арналған ашық кураторлық сағат өткізді. Іс-шара жылы әрі достық атмосферада өтті. Кураторлар студенттерге Наурыздың тарихы, оның Қазақстан халқы үшін […]
Бүгін Тания Хоссейн – Waseda University (Жапония) университетінің профессоры оқу орнымызға арнайы келіп, оқытушылармен кездесу өткізді. Кездесу барысында ғалым тіл саясаты, ағылшын тілін оқыту, сондай-ақ жасанды интеллекттің білім беру үдерісіндегі рөлі, индекстелетін базаларда мақала шығару туралы өз тәжірибесімен бөлісті. Сонымен қатар, халықаралық ғылыми ынтымақтастықты дамыту, бірлескен зерттеулер жүргізу және академиялық […]
«Bolashaq» Академиясының ғылыми өмірінде маңызды оқиға орын алды: оқу ордамызға қонақ ретінде педагогика ғылымдарының докторы, профессор, шет тілдері факультетінің деканы Костина Екатерина Алексеевна келді. Ол – Ресейде ғана емес, шет тілдерін оқыту саласында халықаралық деңгейде танымал маман. Академия білім алушылары үшін ашық дәріс өткізіліп, сонымен қатар алдағы ынтымақтастық мәселелері талқыланды. […]
2026 жылғы 19 наурыз күні Bolashaq Академиясының «Шетел тілдері және мәдениетаралық коммуникация» кафедрасы Академияның 30 жылдығына орай ұйымдастырылған «30 игі іс» науқаны аясында ерекше мазмұнды мерекелік іс-шара өткізді. Аталған шара Қазақ зағиптар қоғамы ҚБ Қарағанды оқу-өндірістік кәсіпорнының қызметкерлеріне арналды. Іс-шараның басты мақсаты – қоғамдағы әлеуметтік қолдауды қажет ететін жандарға мерекелік […]
Наурыз – жаңарудың, жаңа бастамалардың және бірліктің мерекесі! Биыл «Bolashaq» Академиясында Ұлыстың ұлы күні ерекше сән-салтанатпен аталып өтіп, студенттер мен оқытушылар қауымы мерекені көтеріңкі көңіл-күймен қарсы алды. Мерекелік іс-шара барысында ұлттық құндылықтар кеңінен дәріптеліп, қазақ халқының бай мәдениеті мен салт-дәстүрлері кеңінен насихатталды. Бұл күн әр қатысушыға бірлік пен татулықтың маңызын […]
Туберкулез – кең таралған жұқпалы ауру, ол жаһандық деңгейдегі күрделі мәселе болып табылады. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметі бойынша, әлемде жыл сайын туберкулездің 9 миллионға дейін жаңа жағдайы тіркеледі. Біздің облыста туберкулезбен сырқаттанушылық пен өлім-жітім көрсеткіштері төмендеп келеді, алайда бұл ауруды толық жеңу үшін әлі де ауқымды жұмыстар жүргізу қажет. […]
2025-2026 оқу жылынан бастап «Bolashaq» Академиясы 6B10101 – «Фармация» білім беру бағдарламасы үшін студенттердің теориялық дайындығын фармацевтика саласындағы дәріханаларда практикалық тәжірибемен біріктіруге бағытталған дуальды оқыту моделі іске асырылуда. Бұл модельді әзірлеудің маңызды кезеңдерінің бірі студенттер, «Bolashaq» Академиясы және «Биосфера» дәріхана желісінің құрамына кіретін стейкхолдерлер, жұмыс берушілер – «Долголет» ЖШС және […]
«Қарағанды қаласының білім бөлімі» ММ әдістемелік кабинетінің жоспарына сәйкес және «Bolashaq» Академиясының фармацевтикалық пәндер кафедрасының кәсіби бағдар беру және имидждік жұмыстарын іске асыру мақсатында 2026 жылғы 10 наурызда «ZOOM» платформасында Қарағанды қаласының 8–11 сынып оқушылары (медициналық бағыттағы сыныптар) арасында «Менің таңдауым – Медицина!» тақырыбында қалалық байқау өткізілді. Аталған іс-шараның мақсаты […]
8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орай Академияда салтанатты мерекелік іс-шара ұйымдастырылды. Мерекелік кештің басты мақсаты – білім мен тәрбие саласында табысты еңбек етіп жүрген нәзік жанды ұстаздар мен қызметкерлерге құрмет көрсету, олардың қоғамдағы рөлін айшықтау болды. Іс-шара барысында Академия ректоры Қ.Б. Аданов құттықтау сөз сөйлеп, барша әйелдер қауымын көктемнің […]
2026 жылдың 4 наурызында «Bolashaq» Академиясының фармацевтикалық пәндер кафедрасының Академиялық комитетінің отырысы өтті. Отырыс барысында 2026-2027 оқу жылына арналған 6B10101 «Фармация» білім беру бағдарламасы бойынша Академиялық комитеттің жаңа құрамы қаралып, талқыланды. Сондай-ақ, фармацевтикалық ұйымдар мен жұмыс берушілердің өкілдерінен тұратын білім беру бағдарламасының сарапшыларының құрамына ұсыныс жасалды: «RAHAT-PHARM» ЖШС (дәріханалық ұйым) […]
Bolashaq» Академиясының профессор-оқытушылар құрамы үшін ішкі академиялық ұтқырлық бағдарламасын іске асыру аясында «Қарағанды медицина университеті» КеАҚ Фармация мектебінде «Фармация» білім беру бағдарламасының 5-курс студенттеріне арналған сабақтар басталды. 2026 жылдың 3-20 наурыз аралығында бұл сабақтарды медицина ғылымдарының кандидаты, «Bolashaq» Академиясының фармацевтикалық пәндер кафедрасының доценті Серик Абдуалиевич Блялев «Фармацевтикалық қызметтің экологиялық аспектілері» […]
2026 жылдың 27 ақпанында Мемлекет және құқық теориясы мен тарихы кафедрасының ұйымдастыруымен Жастар орталығында «Менің заң шығармашылық бастамам» атты өңірлік байқау жоғары деңгейде өтті. Байқаудың басты мақсаты – жастардың заң шығармашылығына қызығушылығын арттыру, құқықтық мәдениетін қалыптастыру және болашақ заңгерлердің бастамаларын қолдау болды. Аталған іс-шараға өңірдегі жоғары оқу орындарының заң факультеттерінің […]