МК-20 тобы атынан ұсыныс-тілек

Қарағанды «Bolashaq» академиясы ректоры- К.Н.Менлибаевқа

МК-20 тобы атынан ұсыныс-тілек:

«Bolashaq» академиясы жеке меншік мекемесі Қазақстандағы алғашқы жеке жоғары оқу орындарының бірі болып табылады. Біз, МК-20 тобы жоғары білімнен кейінгі магистратура оқуымызды жалғастыру үшін осы оқу орнын таңдаған болатынбыз.

Оқу ордасында мамандарды даярлау сапасы ең жоғары стандарттарға сәйкес келеді, оның дәлелі ретінде академия халықаралық және республикалық рейтингтерге, мамандықтар бойынша халықаралық аккредиттеуге қатысуын ерекше атап өтуге болады.

Академия мақсаты- заманауи сапа стандарттарын, үздіксіз білім берудің көпдеңгейлі үлгісін, ғылыми зерттеулерді іске асыру, ғылыми, педагогикалық, кәсіби-тәжірибелік қызметті жүзеге асыру үшін іргелі білімі, инновациялық тәсілдері, зерттеушілік іскерлігі бар жаңа формациядағы бәсекеге қабілетті мамандарды дайындау арқылы республика көлемінде айтарлықтай орны бар оқу орны десек болады. Академияда қазіргі заманға сай оқу ғимараты бар.

Оқытушы-профессорлар құрамы білім беру саласында өз кәсібін жетік меңгерген білікті ұстаздар. Сонымен бірге ЖОО халықаралық ынтымақтастықтың дамуын қолдайды.

Біз, МК-20 тобы келесідей мәселені сіздің талқылауыңызға салсақ деп едік:

  • Ғаламды шарпыған індеттің елімізге дендеп енуіне байланыс­ты қашықтан оқы­ту қанатын кеңге жай­ғаны баршамызға аян. Елімізде коронавирус инфекциясының таралуына байланысты төтенше жағдай режимі мен жалпыұлттық карантин енгізілгеннен кейін оқу орындары қашықтан білім беру жүйесіне көшті.
  • Карантиннің қанша уақытқа созылатыны әлі белгісіз, сол себепті осы оқу жылын қашықтан оқу арқылы жалғастыруға ұсыныс білдірсек;
  • Онлайн оқуда сбаққа қатысу сапасы да жақсы болатыны сөзсіз

Осы орайда, МК-20 тобы магистранттарына осы оқу жылын қашықтықтан оқуға қолдау көрсетсеңіз деген үміттеміз!

 

Оставьте комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.