Алғыс Хат

Біз Серікбаева Жазира, Жолжақсы Бүлдірген ПМНО-19-2к тобының студенттері «Əлемнің екінші ұстазы Əбу Насыр əл-Фараби қалдырған өшпес із» атты ғылыми жоба дайындап, «Bolashaq» академиясы қабырғасында ұйымдастырылған «Студенттік және магистрлік ғылыми жұмыстар» байқауына қатысып, 2 кезең бойынша сайысқа түстік.

28.02.20 күні сайыстың нәтижесі шығып, біз жүлделі 1-ші орынға ие болып, бірінші дəрежелі дипломмен марапатталдық.

Тарихты білмей тұрып қазіргінің қадіріне жету, болашақты болжау қиын дейтін ғылымның өз қағидасы бар. Өміріміздің даму барысын дұрыс түсініп, ғылымның бүгіні мен ертеңін танып, бағдарлап отыруда ғылым тарихы маңызды орын алады. Расында, адамзаттың жинақталған материалдық байлықтары қандай ұшаң-теңіз болса, оның рухани байлығының қоры да сондай көп. Бұлардың бәрі – баршаға бірдей ортақ қазына. Сол мәдени мұраны талдап, іріктей білу, халыққа жеткізу – кейінгі ұрпақтың яғни, біздің абыройлы міндетіміз деп санаймыз. Сол себепті біз ғылыми жұмысымызды зерттеу барысында тарихқа көз жүгіртіп, ұлы тұлғамыздың жүріп өткен жолы және өшпес мұрасымен терең таныстық десек артық емес. Зерттеу нəтижесінде, қазіргі таңда бұл тақырыптың өзекті əрі пайдалы мағлұматтар көп екендігін анықтап, əр адам ұлы тұлғанының еңбектерін жете білулері қажет деген ой түйдік. Сондықтанда, біз осы тақырыбымызды әрі қарай терең зерттей түсіп, жұмысымызды жалғастыра түсеміз деп шештік.

Ұлы тұлғаларымызға арналған, жастарды ғылымға, білімге бет бұруға шақыратын шараларды ұйымдастырып, бізге үміт пен шабыт сыйлаған, əрқашан қолдауға əзір ұйымдастырушыларға, атап айтсақ, ғылыми жұмыс және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі проректор п.ғ.к., профессор Смолькина Татьяна Петровнаға және «Мектепке дейінгі және бастауыш оқыту» кафедрасының п.ғ.к., доцент Бокижанова Галина Каскарбековнағасонымен қатар, бізді осы байқауға дайындаған, ғылыми жетекшіміз Жапанова Риза Набиевнаға алғысымыз шексіз.

Ұйымдастырылатын əр жоба бізді ғылым мен білімнің шыңына шығуға тағы бір қадам жақындата түседі, шыңдай түседі, тəжірибелі етеді. Əлі де үміттеріңіз бен сенімдеріңізді ақтаймыз деген сенімдеміз!