ПІКІР

«Bolashaq» академиясы қабырғасында студенттік және магистрлік ғылыми жұмыстар конкурсы ұйымдастырылды.

Студенттік және магистрлік ғылыми жұмыстар байқауы студенттер мен магистранттарда ғылыми-зерттеу жұмыстары мен іздеу шығармашылығы дағдыларын дамыту, студенттер мен магистранттарды ғылыми-зерттеу қызметіне тарту, инновациялық технологиялар негізінде қазақстандық қоғам мен оның білім беру саласын дамыту мәселелері бойынша әлеуметтік тапсырыстарды жүзеге асыру және республикалық конкурсқа қатысу үшін үздік студенттік және магистрлік жұмыстарды іріктеу мақсатында өткізілді.

Байқауға 8 ғылыми-зерттеу бағыттары ұсынылған болатын. Осы ұсынылған ғылыми жұмыстардың тақырыптары қазіргі заманғы ғылым мен қазақстандық қоғамның өзекті проблемаларымен байланысты, ең алдымен білім беру саласының қалыптасуы мен дамуына, өскелең ұрпақты оқыту, тәрбиелеу мен дамыту мәселелерін шешуге байланысты болды.

Байқау екі кезеңнен тұрды:

Бірінші кезең. 2020 жылдың 20 қаңтарынан 20 ақпанына дейінгі аралықта ол кафедралардың ішінде өткізіледі, онда ең үздік жұмыстар іріктеліп алынды, олар конкурстың екінші кезеңіне жіберілді.

Екінші кезең. 20-24 ақпан аралығында – сараптама комиссияларының жұмысы өтті. Ректордың бұйрығымен бекітілген конкурстық сараптау комиссиялары барлық білім беру бағдарламалары бойынша келіп түскен жұмыстарды қарады, олардың сапасы мен маңыздылығын бағалап, жүлделі орындарды анықтады.

Осы байқауға мектепке дейінгі және бастауыш оқыту кафедрасының п.ғ.м., аға оқытушы Р.Н. Жапанованың жетекшілігімен «Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» білім беру бағдарламасының 1 курс (колледжден кейін) студенттері – Жолжақсы Бүлдірген, Серікбаева Жазира Асылсеитқызы қатысты. Олар 8 бағыт бойынша «Әлемнің екінші ұстазы әбу Насыр әл-Фараби қалдырған өшпес із» тақырыбында жазған ғылыми-зерттеу жобаларын қорғап, 2 тур нәтижесі бойынша 1 орынға ие болып, дипломмен марапатталды және ақшадай сыйақы алды.