Пікір

«Болашақ» академиясы «Мектепке дейінгі білім беру және тәрбиелеу» білім беру бағдарламысы бойынша 2020 жылғы түлектерін биылғы жылы ұясынан ұшырмақ.  Осынау мамандық бойынша әртүрлі аймақтардан «Болашақ» академиясына жиналғанымыз кеше ғана іспетті. Әртүрлі аймақтан жиналған барлығымыздың түпкі мақсатымыз айқын болды, ол білікті маман атану. Осы жолда академиямыз әрқайсымызға да өзінің үлкен үлесін қоса білді.

Академиямызда студенттік өміріміз жалындап өтті, өте қызықты сәттер көп болды. Мысалға, волонтерлік жұмыстар, мерекелік іс-шаралар, студенттік отырыстар, ұтқырлық бойынша өзге қалалармен білім алмасу. Жалпы академиямызда әрқашан айналысатын іс табуға мүмкіндік бар, сонысымен де біз осы уақыт аралығында коммуникабельді болуға үйрендік. Біздің мамандық бойынша студенттерге керемет жағдай жасалынған: білімді ұстаздар, жабдықталған аудитория, балабақшалармен тығыз байланыс, іс-тәжірибеден сапалы өту мүмкіндігі. Осының бәрі-бәрі  «Болашаққа» жол бастайды.

Мектепке дейінгі және бастауыш оқыту  кафедрасының керемет ұжымына 4 жыл бойы бізбен сапалы әрі пайдалы жұмыс жасағандары үшін алғысымызды білдіреміз. Ерекше тұрғыдан жетекшіміз Жанысбаева.Р.М-ны атап өткіміз келеді, әрдайым студенттерге көмек қолын созып, жетекшілік ете отырып, мол тәжірибесімен, білімімен бөліскен ұстазымыз, рахмет сізге!

ДОВ -16-2 тобының студенттері