Алғыс

“Bolashaq” академиясының “Шет тілдер және мәдениетаралық коммуникация” кафедрасының “Шет тілі: екі шет тілі” факультетінің Қытай тілінің аға оқытушысы Апше Кулшира! Сізге айтар алғысымыз шексіз!

Ұстаз бейнесі – шәкірт үшін адамгершіліктің ең жоғары үлгісі. Ұстаздың лаулаған жалыны — әр жүрекке жылу сеуіп, нұр құятын қуаттың, өмірдің қайнар көзі. Тіршіліктегі шырақтың сөнбес ошағы.
Ұстаздардың еңбегін ұлы ететін өздері емес, шәкірті. Білім нәрімен сусындатып, үйретуден талмаған ұстаздың сан жылдар бойғы еңбегінің жемісі – аяулы әрі білімді шәкірт. Бәйгеден оза шауып, мыңнан тұлпар, жүзден жүйрік келген шәкірт үшін ұстаздың қуанышы сіз бен бізге елестетуге келмейтін сезім.
Әр білім алушының пәнді жақсы білуі пәнді оқытатын ұстазына байланысты екені баршамызға белгілі. Осы қытай тілін ең бірінші таңдағанда барлығымызда іштей қорқыныш болды. Алайда, бірінші сабақтан кейін бірден ол қорқыныш сейілді. Себебі, Сіз көрсеткен үлкен қолдау мен сіздің сабақты түсіндіру біліктілігіңіздің арқасында қорқынышымыз сейілді! Әр түрлі кітаптар, аудиожазбалар мен видеожазбалар бізге өте түсінікті әрі өте ыңғайлы болды. Қытай тіліне деген қызығушылығымыз одан сайын артып, осы тілді меңгеріп шығуды мақсат еттік. Сіз қолданған әр түрлі әдіс – тәсілдеріңіз бен біліктілігіңіздің арқасында қытай тілін меңгеріп шықтық. «Адамның адамшылдығы жақсы ұстаздан» деп Абай хәкім айтпақшы, әрбір ісіңіз жеңіске жетіп жатса, оның артында Сіздің үлкен еңбегіңіз жатыр. Сіз бізге тіл үйретумен ғана шектелмей, адамгершілікке, жақсы тұлға болып қалыптасуымызға үлес қостыңыз.Үнемі қолдау көрсетіп, көмегіңізді аямай, бізге үлкен сенім артқаныңыз үшін Сізге мың алғыс, мың рахмет айтамыз!
Сізге шығармашылық табыс тілейміз! Еңбегіңіз еселене берсін! Алар асуларыңыз бен бағындырар белестеріңіз көп болсын!

Зин-17-3к тобының студенттері!