Академиямызға алғысымыз шексіз

Қарағанды облысында күзгі жиын-терін науқаны аяқталуға жақын. Бір
ғана мысал бүгінде аймағымыздың еңбеккерлері тонна – тоннадан астам
картоп жинап үлгерген. Күз айы ерекше берекелі, мерекелі ай. Әрбір үйдің
дастарханын дәмге, еліміздің қоймасын берекеге толтыратын Алтын күз!
Жыл сайын осындай ырыс-берекесі мол күз айында «Bolashaq»
академиясы әкімшілігі ұжымға жыл сайынғы дәстүр бойынша картоп таратты. Академия оқытушылары, қызметкерлерімен қатар , көмек қажет студенттерге де қап-қап картоп берілді. Аса қамқор сый-сыяпаты
үшін академия басшылығына алғысымыз шексіз!

Оставьте комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.