«Bolashaq» Академиясына алғыс пікірім.

«Bolashaq» Академиясына алғыс пікірім.

Махметова Гульназира Советовна зДОВ-18-6 тобының түлегі

 

Мен «Bolashaq» Академиясына 2018 жылы оқуға түстім, бүгінде бітуші түлекпін. Мектепке дейінгі және бастауыш оқыту кафедрасында сырттай оқу бөлімінде (колледжан кейін), зДОВ–18-6к тобында оқыдым. «Bolashaq» академиясына түсе отырып, мен дұрыс таңдау жасадым!

Қазіргі болып жатқан төтенше жағдайды барлығымыз түсініп отырмыз. Сол себепті еліміздің барлық білім беру салалары осындай жағдайды ескере отырып, студенттердің оқуына жағдай жасап, қашықтықтан оқытуға мәжбүр болып отыр. Бұл процесті біз жақсы қабылдадық. Осыған орай диплом жұмысын онлайн арқылы қорғаудың тиімді екендігін түсіндім. «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» білім беру бағдарламасының 3-курс бітіруші түлегі ретінде мен, Махметова Гульназира Советовна «Bolashak» академиясының ректоры, профессор Құралбай Несіпбекұлы Меңлібаевқа, оның ішінде «Мектепке дейінгі және бастауыш оқыту» кафедрасының меңгерушісі, профессор Храпченкова Надежда Ивановнаға, өз саласының білікті де білімді мамандарынан тұратын оқытушылық құрамына және 3 жыл бойы бізге қамқор болып, үнемі бағыт-бағдар беріп жүрген кураторымыз п.ғ.к., доцент Шалтаева Роза Жиембаевнаға ерекше ықыласымды білдіргім келеді.

Жалпы, менің «Bolashaq» академиясында оқыған үш жыл уақытым өмір бойы көптеген жағымды және ұмытылмас әсер қалдырды. Академияда білім алу кәсіби білімнің баға жетпес қорын алуға көмектеседі. Сондықтан, “Bolashaq” академиясында білім алуды ұсынамын!

 

Махметова Гульназира Советовна (зДОВ-18-6 тобының түлегі)

Мамыр 2021ж.

Оставьте комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Мы вам перезвоним