Пікір

Мен,  Исатаева Салтанат 2017 жылы “Болашақ ” академиясына мектепке дейінгі тәрбие және оқыту мамандығы бойынша оқуға түскен болатынмын. Осы оқу орнында көптеген жаңа курстастарымды және керемет мұғалімдерімді кездестірдім.

Оқу барысында бітіретін жыл да келіп қалыпты. “Bolashaq” академиясының түлегі ретінде академияміздің әкімшілігіне және ұстаздарына үлкен алғысымды білдіргім келеді.  Осы жылға дейін берген тәлім тәрбие мен бүгінгі күнге жеткен жетістіктеріміз ұстаздарымыздың арқасы.
Құрметті біздің ұстаздар! Ұрпақ тәрбиелеу жолындағы толымды еңбектеріңізге шын пейілмен алғыс айта отырып, жұмыстарыңызға жеміс, отбасыңызға амандық, деніңізге саулық тілеймін!!!

зДОВ 3к-17 тобының түлегі Исатаева Салтанат