Пікір

Мен, Қордабай Мөлдір,  «Болашақ» академиясының «Мектепке дейінгі білім беру және тәрбиелеу» білім беру бағдарламасы 4-курс студентімін, аз уақыттан соң қолыма диплом алып, білікті маман атануға жолға аттанбақ жайым бар. Академия өзінің асқан дәрежесімен, атағымен мені баурап алған соң таңдауым «Болашаққа» түскен еді. Шатаспадым.4  жыл уақыт аралығында әр күнім жаңа нәрсені үйренумен, жаңалық ашумен толықты. Көптеген жаңа таныстықтарға жол ашылып, өзіме жаңа достар таба білдім. Академияның оқытушылары білімділігімен, мейірім-шапағатымен бізді баурап алды. Ұстаздар мықты шәкірт тәрбиелеу жолында тайсалмай еңбек етеді, әрбір студентті жеке дара тұлға ретінде көріп, бар білгендерін аямай ортаға салады.

«Болашақ» академиясын таңдағауға сіздерге де кеңес беремін! «Болашақ» жарқын болашақтың бастамасы!

«Мектепке дейінгі білім беру және тәрбиелеу» білім беру бағдарламасы 4-курс студенті Қордабай.М.А.

 

Мы вам перезвоним