Алғыс

Құрметті Bolashaq академиясының ректоры Құралбай Несіпбекұлы және қазақ тілі мен әдебиеті білім беру бағдарламасының ұстаздары, соның ішінде біздің топтың кураторы Райхан Налжигитовна! Сіздерге Zk-17-123 тобы атынан алғыс айтамыз. Сіздердің кәсібіңіз – бұл ізгіліктің, адамды сүйе білудің және даналықтың шынайы үлгісі. Сіздердің әрбір күнгі жолыңыз – бұл өскелең ұрпақтың жүрегіне, білім шыңына апаратын жол. Денсаулықтарыңыз мықты, әрбір күндеріңіз табысты, шығармашылық белсенділікке толы болсын. Сіздердің шәкірттеріңіздің алғысы сіздер үшін лайықты марапат болсын. Сіздердің қиын да, қызықты еңбектеріңізге табыс, жаңа биіктер мен серпінді даму тілейміз.

Зарина Сексенова