Поздравления наших выпускников

2020 жылдың 25 қыркүйекте “Bolashaq” академиясының 25 жыл толуымен және де бүгінгі ұлағатты ұстаздар күнімен шын жүректен құттықтаймын! 1995 жылы “Bolashaq”оқу орнымның іргетасы қаланды. Елімізге жоғарғы дәрежелі мамандар даярлаудағы мол тәжірибесі бар, 25 жылдық тарихи дамуды еңсерген сапалы білім беретін жоғары оқу орны.


Студент кезімде тобымыз өнерлі-қырандар болатын. Жан-жақты сайыстарда белсенділік танытып тұрды. Әр студенттің басқан қадамы “Болашақ” үшін жарқын көріністі танытады.
2014 жылдың түлегімін. Бұл оқудың арқасында қазір жемісін көріп жатырмыз.
Бірлігі жарасқан, білімі ұштасқан “Bolashaq” академиясының әліде алар асулары көп. Білім ордасы көркейіп, үлгілі, өнерлі, білімді жастар орын алсын.
Ұрпақ болашағы, халқымыздың келешегі қазіргі ұстаздардың қолында.
Ұстаз болу – жүректің батырлығы,
Ұстаз болу – сезімнің ақындығы,
Ұстаз болу – мінездің күн шуағы,
Азбайтұғын адамның алтындығы –деп ақын Ғ.Қайырбеков жырлағандай, сөзі маржан, үні ән ұстаздардың бар болғанын мақтаныш етемін.


Ұлағатты ұстаздар бүгінгі шырайлы төл мерекесімен құттықтай отыра, дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық, істеріңізге сәттілік тілеймін! Бізге сенім артып, оқуда қолдау бергендеріңіз үшін шексіз алғысымызды білдіреміз! Болашақтарыңыз әрқашан жарқын болсын!!!
Хасенов Сағат, Заң пәндері кафедрасының түлегі.
Фотода 2014 жылдың түлектері

Оставьте комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.