ПІКІР

Біз Болашақ академиясының студенттері, биылғы 2018-2019 оқу жылында академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша Түркия мемлекеті Ерзурум қаласына оқып жатырмыз. Биылғы оқу жылына 3 студент қабылданды. Яғни, 5В011700 -Қазақ тілі мен әдебиеті мамандығының 3курс студенті Сәкенова Аида, 5B011900 – Шетел тілі: екі шетел тілі мамандығының 2 курс студенті Мешелова Нейла, 5В030100-Құқықтану мамандығының 4курс студенті Қажатов Алмас қазіргі таңда Ататүрк атындағы жоғарғы оқу орнында білім алып жатырмыз.

Әрине бұл біз үшін және біздің университетіміз үшін үлкен жетістік деп білеміз. Біз тек білім алып ғана қоймай сонымен қатар бұл xалықтардың дәстүрін, тілін, мәдениетін үйреніп келе жатырмыз. Болашақ академиясының ректоры Меңлібаев Құралбай Несіпбекұлына алғысымызды айтқымыз келеді. 

Бізге сапалы білім беріп, оқытқан ұстаздарымызға да мың алғыс. Себебі осындай шет мемлекетте білім алып, оқуға мүмкіндік берді. Түркия мемлекетінің xалқы өте қонақжай, қазақтарды жанына жақын тартатын, қолдарынан келгенше көмек беретін xалық екендігіне көзіміз жетті. Біз сонымен қатар, Томер деп аталатын тіл үйрену курсында оқып жатырмыз. Біздің бұл жақта барлық жағдайымыз жасалған. Егер сабақты жақсы оқысаң, студентке шәкіртақы беріледі. Бізде жақсы оқитын студенттердің қатарындамыз. Әрине біздің университетіміз бізге сеніп, ең мықты студенттерін жіберді деп түсінеміз. Сондықтан барлық сенімдерін ақтауға тырысып жатырмыз. Жүрген жерімізде Қарағанды қаласы, Болашақ академиясынан келгенімізді айтып, бізде білім алуға шақырып, қонақжай екенімізді көрсетуге тырысамыз. Ерзурум қаласындағы Ататүрік университеті нағыз білім алып, мықты маман иесі болып шығатын оқу орындарының бірі деп айта аламыз.

 Құрметті Болашақ академиясының студенттері сіздер де келіп білім аламыз десеңіздер, барлығы да өз қолдарыңызда. Қазір бой жарыстыратын заман емес, ой жарыстыратын заман болғандықтан, білім алудан жалықпайық!

Оставьте комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.