«Жер тарихы- ел тарихы»

18.10.2022 «Bolashaq» академиясының Қазақ тілі мен әдебиеті білім бағдарламасының 2022-2023 оқу жылындағы тәрбие жоспары аясында К -20-1тобының студенттері филология ғылымының докторы, профессор Жартыбаев Асылбек Ешенқұлұлымен «Жер тарихы -ел тарихы» тақырыбында  кездесу- сұқбат өткізді.

 Қазақстанның әрбір аймағы  тарихы тереңде жатқан  киелі жерлер мен  мекендерге бай екені баршамызға  белгілі.

Осы кездесу – сұқбатта  Асылбек Ешенқұлұлы  Қазақстанның топонимика -онамастикасы төңірегінде ой өрбітіп,жер -су, елді мекен  атауларының шығу тарихы мен қазіргі жағдайына тоқтады. Студенттердің қойған  сұрақтары бойынша  жауап беріп,  пікір алысты. Кездесуге кафедра меңгерушісі, профессор  Қ.З Сембиев пен кафедра оқытушылары  Н.Т Ахметова, Б.А Абылбаева қатысып өз ойларын ортаға салды.

Оставьте комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.