10 желотқсан күні «Қаржы» мамандығының 3 курс студенттері арасында П.Н. Бузаубаеваның ұйымдастыруымен «Толеранттылық – бірліктің кепілі» атты кураторлық сағат ұйымдастырылып, өткізілді.
Кураторлық сағаттың мақсаты:− Толеранттылықты насихаттау: Студенттерге толеранттылықтың маңыздылығын және оны күнделікті өмірде қолдану қажеттілігін түсіндіру.− Мәдениетаралық диалогты дамыту: Әртүрлі мәдениеттер, дәстүрлер және тілдер арасындағы өзара түсіністік пен құрметті арттыру.− Қоғамдық бірлікті нығайту: Студенттер арасында бейбітшілік пен келісімді насихаттау арқылы қоғамдағы бірлікті күшейту.− Әлеуметтік жауапкершілік: Жастарды әлеуметтік жауапкершілікке тәрбиелеу және өзгелердің пікірлерін құрметтеуге үйрету.− Эмпатия мен түсіністік: Студенттерге өзгелердің сезімдері мен жағдайларын түсінуге және оларға қолдау көрсетуге үйрету.
Толеранттылық ұғымы көптеген ғасырлар бойы қалыптасқан және бұл процесс әлі де жалғасуда. Жан-жақты толеранттылық туралы мағыналарды жинақтай отырып, «Толеранттылық» термині төзбеушіліктің әртүрлі көріністері жеңудің жаңа құралдарын қажет ететін шындыққа сәйкес келуге тырысады.
Толеранттылық – әлем мәдениеттерінің алуан түрлілігін құрметтеу, дұрыс түсіну. Төзімділік – әртүрліліктегі үйлесімділік. Бұл тек моральдық міндет емес, сонымен қатар, саяси және құқықтық тілек.
Толеранттылық – бұл сыпайылық, ең алдымен адамның әмбебап құқықтары мен негізгі бостандықтарын тану, адам құқықтарын құрметтеу негізінде қалыптасатын белсенді қарым-қатынас. Бұл әлеуметтік әділетсіздікке, өздерінен бас тарту немесе басқа адамдардың наным-сенімдеріне жол бермеу деген көзқарасты білдірмейді.
Толеранттылық түсінігіне қазақтың сабырлылық ұғымы дәл келеді деп ойлаймыз. Қазақ «Сабыр түбі – сары алтын» дейді ғой. Ұлттық толеранттылық біздің тарихи-мәдени кеңістігімізде қоғамды топтастыратын белгілі фактор болып отыр. Екінші жағынан, толеранттылық барлық мәселені шешіп тастайды деуге тағы болмайды. Бұл конфессияаралық және этносаралық қатынастарды, саяси тұрақтылықты реттеудің маңызды факторы.