Студенттер ұйымымен кездесу

15 наурызда «Bolashaq» Академиясының ӘТЖ проректоры Исмаилова Р.Н. және КДМ төрағасы М. Қ. Байшагиров студенттер ұйымы мүшелерімен кезекті жиын өткізді. Жастар ұйымдары әр білім алушының тың идея, жаңашыл бастама мен ғылым саласындағы өз мүмкіндіктерін жан-жақты жүзеге асыруына, теориялық білімін тәжірибемен ұштастырып, өндірісте өсуге, өзін-өзі басқару стратегиясын қалыптастыруға мүмкіндік береді. Жаңа орта, жағымды көзқарас, оптимистік және мықты рух, рухани және ғылыми ортаға тез бейімделіп, өзін еркін сезінуге жол ашады.
Жиында студенттердің атқарылатын қызметтері талқыланып, алдағы өткізілуі керек маңызды іс-шаралар жоспарланды:
• Жастардың шығармашылық белсенділігін және студенттердің әлеуметтік жағдайын көтеру бағытында жауапкершілігін арттыру;
• Студент жастарды Академиядағы қоғамдық сала мен ғылымға белсенді атсалысуға қызықтыру;
• Студенттердің бойындағы ұйымдастырушылық пен көшбасшылық қасиеттерді дамыту;
• Студенттердің бойында азаматтық құндылықтарды дамыту;
• Салауатты өмір салтын насихаттау;
• Жастарды көшбасшылыққа, патриоттыққа тәрбиелейтін, ұйымдастырушылық қасиетін арттырға бағытталған іс шараларды дайындау және оларды жүзеге асыру.
• Студент жастар арасында азаматтық бағытты дамыту;

Оставьте комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.