Шерхан Мұртазаның туғанына 90 жыл- жалпы курстық ашық сабақ

2022 жылдың 22 қарашасында  «BOLASHAQ» академиясының «Қазақ тілі мен әдебиеті» кафедрасының профессорлық-оқытушылық құрамы және студеттері К-21-1, КР-21-1 тобының студенттері, кураторы аға оқытушы Касетова Н.К жетекшілігімен «Шерхан Мұртазаның 90 жылдығына» орай 1-4 курс студенттері арасында ашық куратор сағаты өтті. Ашық сабаққа 1-4 курс студенттері белсене қатысып, шығармаларынан үзінді оқыды, өз ой-пікірлерін ортаға салды. К-21-1 тобының студенті Шари Қымбат Шерхан Мұртазаның өмірі мен шығармашылығынан баяндама оқыды. К-20-1 тобының студенті Оразхан Айкенже, К-22-1 Алматұлы Ақжол Шерхан Мұртазаның шығармашылығынан үзінді оқыды, 4 курс студенттері өз ой-пікірлерін ортаға салды.

Оставьте комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.