Ашық сабақ: «Егіннің бастары»
Ашық сабақ – әр мұғалімнің жетістігі, еңбегінің шығармашылығы. Ашық сабақтың қызықты өтуі мұғалімнің шеберлігі мен дайындығын қажет етеді. 22.02.2023ж. жетекшіммен бірге 5 сыныпқа қазақ әдебиеті сабағынан ашық сабақ өткіздік. Сабақтың тақырыбы: «А.Байтұрсынұлының «Егіннің бастары» мысалы». Ашық сабақты қызықты өткізу үшін түрлі әдіс-тәсілдерді қарастырып, көрнекіліктер дайындап әкелдім. Ашық сабаққа сынып толық қатысты. Сабақ топтық жарыс ретінде өтті. Сабақтың басында оқушылардың үй тапсырмаларын тексердік. Үй тапсырмасын тексерген соң, жаңа тақырыпты ашу үшін «Миға шабуыл» стратегиясы арқылы жұмбақтар шешуге беріліп, автор туралы сұрақтар қойылды. Тақырып ашылғаннан кейін сыныпты 3 топқа бөліп, топтық жұмыстар орындалды. Ашық сабақ барысында қолданылған әдіс-тәсілдер: «Миға шабуыл», сыни тұрғыдан ойлау, топтастыру, сұрақ-жауап, ДЖИГСО. Сабақ соңында оқушылар өтілген сабаққа рефлексия жасап, өз ойларын ортаға сала білді. Сабақ өз мақсатына жетті деп ойлаймын.
Қарағанды қаласы
«Bolashaq» академиясының
КР-19-1 тобының студенті,
практикант
Мұхамеджан Әсем