Отзывы участников семинара

8 сентября 2020 г. в Академии “Bolashaq” г. Караганды прошел онлайн-семинар, посвященный Дню языков народа Казахстан и дню рождения Ахмета Байтурсынова, на котором присутствовали видные ученые нашей Республики.

Данный семинар нашел отклик у участников. На имя ректора Академии “Bolashaq” профессора Менлибаева К.Н. пришли благодарственные отзывы о проведенном семинаре.

Құрметті Құралбай Несіпбекұлы!          

           Ахмет Байтұрсынұлының туған күні мен ҚР Тілдер күніне орайластырып «Bolashaq» академиясы қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының ұйымдастыруымен өткізілген «А.Байтұрсынұлының қайраткерлік мұраты жəне Тәуелсіздік құндылықтары» атты республикалық ғылыми-практикалық онлайн-семинар халқымыздың рухани мұраларын насихаттау, жастарды ұлттық дәстүрде тәрбиелеу, қазақ тілінің мемлекеттік мәртебесін көтеру бағытындағы атқарылған шаралардың бірі болды деп санаймыз.

Алаш қайраткерлерінің негізгі идеясы демократиялы қоғам қалыптастырып, еркіндік пен дамудың алғышарты ретінде қазақ мемлекетін құру болатын. Бүгінгі Тәуелсіз Қазақстан мемлекеті – сол идеяның жемісі.
          Семинарда Ахаңның шығармаларының халық санасын оятуына, ұлт мәдениетінің дамуына қосар үлесінің өлшеусіз екендігіне тоқталып, ғалымның еңбектері мен пікірлері сараланды. Қарағанды «Bolashaq» академиясы биылғы оқу жылында алғашқылардың бірі болып онлайн-семинар өткізіп отыр.

Жоғары оқу орны біліктілігі бен іскерлігін орайлы ұштастыра отырған «Bolashaq» академиясының қазақ елінің болашағына маман дайындаудағы жұмыстары өне берсін, табыс еңбек тілейміз!

 Құрметпен, Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының директоры, филология ғылымдарының кандидаты Е.Е.Тілешов. (Нұр-Сұлтан қаласы)

Қымбатты Құралбай Несіпбекұлы! 

Ахмет Байтұрсынұлының туған күні мен ҚР Тілдер күніне орай өткізілген ” А. Байтұрсынұлының қайраткерлік мұраты жəне Тәуелсіздік құндылықтары ” тақырыбындағы республикалық ғылыми  – практикалық онлайн – семинар халқымыздың рухани құндылықтарын зерделеу, насихаттау жұмыстарын жүзеге асыру мақсатында маңызы бар игілікті іс – шара деп есептеймін. Ұлт ұстазы, Алаш қайраткерлерінің бірі Ахмет Байтұрсынұлының  халқына деген мұраты мен құндылықтарын тілге тиек ету – ұлттың ұлылығын дәріптеу. Рухани бағдарламасын жүзеге асыру барысында «Bolashaq» академиясы əрдайым алда келеді.  «Bolashaq» академиясы ұжымына табыс, білікті маман дайындау жолында ерен еңбек тілейміз!  

Құрметпен, М. Х. Дулати атындағы ТарУ қазақ филологиясы жəне журналистика кафедрасының профессоры, филология ғылымдарының докторы Меруерт Рахымбайқызы Көпбаева.

Құрметті Құралбай Несіпбекұлы!

Қазақтың, hәм Алаш жұртының айбынын асырып, ұлтымыздың ұлылығын, Ұлы Дала төсіндегі ізгіліктің символына айналған қыран мінез, Түркі жұртының жұрнағы болған қазақтың жоғын жоқтап, құндылығын паш еткен арлы азамат – Ахмет Байтұрсынұлының құрметіне арнап өткізілген  Республикалық семинар конференция туралы лебізімді білдіргім келеді. Дәл бүгінгідей әлемді жайлаған дүрбелеңге қарамастан ұлтына адал қызмет еткен ұлылардың ізгі ісін дәріптеу. «Bolashaq» академиясы ұжымының бабалардан қалған рухани құндылыққа деген асқан шынайы махаббатын таныдық. Ұрпақ үлгі аларлық, ұғынғанның жанын байытар керемет кештің куәгері болғаныма дән ризамын.

Құрметпен, Данияров Талғат Әбубәкірұлы, Түркістан қаласындағы Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің профессоры, педагогика ғылымдарының кандидаты, 2017 жылғы “Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы ” атағының иегері.

Оставьте комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.