В период с 10 по 14 февраля 2020 года Независимым агентством по обеспечению качества в образовании (НАОКО) проведена институциональная и специализированная аккредитация в Академии “Bolashaq”.
В адрес Академии “Bolashaq” на имя ректора профессора Менлибаева К.Н. приходят отзывы от членов аккредитационной комиссии.
ҚҰРАЛБАЙ НЕСІПБЕКҰЛЫНА!
2020 жылдың 13-14 ақапан аралығында өткен мамандандырылған аккредиттеу кезінде «Bolashaq» академиясының ұжымы ұйымшылдық көрсете білді. Бағдарламада көрсетілген шаралар уақытымен өткізілді.
Оқытушылар мен студенттер және де магистранттар қойылған сұраққа нақты,толық жауап берді. Біздің колледжде «Bolashaq» академиясын бітірген 8 түлек еңбек етеді. Білімі мен тәжірибелері заманауи ғылым мен білім талаптарына сай келеді. Сұхбат кезінде байқағаным «Қазақ тілі мен әдебиеті» білім беру бағдарламасында оқитын студенттер белсенділік таныта білді.
«Bolashaq» академиясының ұжымы мен студенттеріне, магистранттарына тиянақты білім, табыс тілеймін!
Көпсалалы гуманитарлық-техникалық колледжінің директоры Сәкен Ғазизұлы Смағұлов
Қарағанды қаласы «Bolashaq» академиясы
«Қазақ тілі мен әдебиеті» білім беру бағдарламасы бойынша
САРАПШЫ ПІКІРІ
Саналы тәрбие, сапалы білім беріп, бәсекеге қабілетті маман даярлауда «Bolashaq» академиясының жұмысы жүйелі жолға қойылған. Екі күндік тексеріс барысында «Қазақ тілі және әдебиеті» кафедрасы тату, іскер,сауатты, парасатты ұжым екенін жан-жақты көрсете білді.
«Bolashaq» академиясының басшылығы мен профессор-оқытушылары, студенттері арасындағы қарым-қатынас, сыйластық, мәдениетті ізеттілік Қарағанды өңірінің болашағының зор екеніне кепіл боларлықтай деңгейде деп нық сеніммен айтуға болады. Кафедра да республика мен алыс-жақын шет елдерге танымал әйгілі ғалымдар: М.Хамзин, З. Жұмағали, Қ.Сембиев, А. Бабашовтардың қызмет етуі академияның ғылыми әлеуетінің ықпалды екенін айқындайды.
1. Заманауи білікті, бәсекеге қабілетті маман даярлау мақсатында 2019-2020 оқу жылындағы оқу жоспарына «Әдеби шығармашылық», «Қазақ халқының рухани мұрасы», «Сөздікпен жұмыс», «Мәтінмен жұмыс», «Қазақ тілі мен әдебиетін оқытудың инновациялық әдіс-тәсілдері», «Қазақ-орыс тілдерінің салғастырмалы грамматикасы», «Шетел әдебиеті», сондай-ақ ҚР тұңғыш Президенті, Елбасы Жолдауында көрсетілгендей, «Латын графикасына негізделген қазақ жазуы» пәндері енгізілген. Аталған пәндердің басқа жоғары оқу орындары бағдарламаларынан еркешелігі – жаңашылдығы болып табылады.
2. «Қазақ тілі мен әдебиеті» білім беру бағдарламасы пәндерді академияның базалық мектептері қабырғасында бейіндік оқытуға орайластырылған. Мәселен, аптасына екі рет, яғни бейсенбі күні педагогикалық практикаға арналса, ал жұма күні семинар сабағы мен студенттердің оқытушымен өзіндік жұмысы (СРСП) жоспарланған.
3. «Қазақ тілі мен әдебиеті» білім беру бағдарламасы бойынша білім алатын екі үздік студенттің болуы және де «Болашақ» Республикасының Президентінің Абай атындағы стипендия иегері болуы аталған білім беру бағдарламасының тиімді екендігін көрсетеді.
4. «Қазақ тілі мен әдебиеті» білім беру бағдарламасында академиялық ұтқырлық жақсы жолға қойылған, атап айтар болсақ, Түркия мемлекеті, ҚХР, Құлжа қаласы, Таулы Алтай, Башқұртстан, Стерлитамак қаласы мен Қазақстандағы Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТҰУ (Түркістан қаласы), Ақтөбе қаласындағы Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті.
5. Практика кезінде өткізілетін пән бойынша тақырыптың қысқа мерзімді жоспары (ҚМЖ) кафедра оқытушыларымен бірлесе жасалатыны мектеп пен академия арасындағы тығыз байланыстың жолға қойылғанын танытады.
6. «Жас қаламгер», «Жас тілші» атты студенттердің ғылыми үйірмелері аясында «Тұмар» жинағының шығарылуы студенттердің шығармашылық дамуын жетілдіріп, олардың жазу өнеріне талпынысын дамытады.
7. «Абайтану» пәнінің оқытылуы ұлы Абай шығармашылығымен жете танысып, оны терең меңгеруге көмектеседі.
8. «Қазақ тілі мен әдебиеті» білім беру бағдарламасы бойынша білім алатын студенттер, магистранттар және оларға жұмыс берушілер сұхбат барысында асқан белсенділік танытып, бағдарламаның артықшылығын байқатты.
9. «Қазақ тілі мен әдебиеті» білім беру бағдарламасы бойынша кафедра филиалы болып табалатын «Облыстық мамандандырылған «Мұрагер» мектеп-интернаты» КММ жаңартылған оқыту бағдарламасына сай оқу кабинеттерімен жабдықталған, заманауи үлгіде білім беретін оқу орны екен.
Жоғарыда көрсетілген ақпараттар бойынша қорыта айтсақ, «Қазақ тілі мен әдебиеті» білім беру бағдарламасы бойынша жүргізіліп жатқан оқу-тәрбие жұмыстары жақсы жолға қойылған деп айтуға болады. Тексеру барысында өзіме көптеген тың идеялар алып, жақсы әсерде болдым.
Сарапшы, М.Х.Дулати атындағы Тараз Мемлекеттік университеті Қазақ филологиясы және журналистика кафедрасының профессоры, филология ғылымдарының докторы Көпбаева Меруерт Рахымбайқызы
2020 жылдың 10-14 ақпанында ЖОО орнын аккредитациялау бойынша құрылған мамандандырылған комиссия «Bolashaq» Академиясының түлектерімен, сондай-ақ жұмыс берушілерімен кездесу өткізді. Аталған сұқбатқа 13 ақпанда арнайы шақырумен барған едім. Сұқбатта қойылған мәселелерге жауап бере отырып ЖОО 6В01701-«Қазақ тілі мен әдебиеті» білім беру бағдарламасының академиялық комитетімен енгізілген пәндеріне жұмыс беруші ретінде ұсыныстарымызды жасайтынымызды және ол ұсынысымыз бойынша оқу бағдарламасына пәндер енетінін баса айта кеткеніміз жөн. Мен 2012-2014 жылдары «Bolashaq» Академиясының магистратура бөлімінде оқып «Қазақ тілі мен әдебиеті» білім беру бағдарламаcы бойынша педагогика ғылымдарының магистрі академиялық дәрежесін алған болатынмын.
Қазіргі жұмыс істеп жатқан Қарағанды қаласы әкімдігінің «Қарағанды қаласы «№68 МИ» ЖББ КММ-де «Bolashaq» Академиясын «Қазақ тілі мен әдебиеті» білім беру бағдарламасын бакалавр бойынша бітірген екі түлек қызмет етіп келеді. №68 орта мектептің «Қазақ тілі мен әдебиеті» кафедрасының меңгерушісі ретінде, жас мамандардың тәлім беруші жетекшісі ретінде байқағаным Академияны бітірген түлектер заманауи бәсекеге қабілетті, білімді, жоғары білікті маман екендігін көрсете білуі. ЖОО мекеме басшыларының, ұжымының ауыз бірлігінің арқасында «Bolashaq» Академиясында оң психологиялық аура қалыптасқан. Мектебіміздің жас мамандарының Академияның түлектері болғанына қуаныштымын. Мектеп пен ЖОО арасындағы байланыс үзілмейтініне сенімдімін.
Қарағанды қаласы әкімдігінің «Қарағанды қаласы «№68 МИ» ЖББ КММ, қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі, п.ғ.м. С.И.Әбілғазин