18 и 19 мая кафедра Казахского языка и литературы в режиме on-line провела защиты дипломных проектов своих выпускников.
Еліміздегі ЖОО-ның бакалавр дәрежесін бітіретін түлектер Білім және ғылым министрлігінен карантин жағдайына байланысты диплом жұмыстарын онлайн қорғау ұсынысына сәйкес Қарағанды «Bolashaq» академиясы «6В01701 – «Қазақ тілі мен әдебиеті» білім беру бағдарламасы күндізгі бөлім студенттері (К-16-1) өздеріне бекітілген дипломдық жұмыстарын кестеге сай қорғап шықты.
Кафедраның ұсынуы бойынша, ректордың бұйрығымен диплом жұмыстарының ғылыми жетекшілері тағайындалған. Диплом жұмыстарының (жобаларының) ғылыми жетекшілері болып профессорлар, доценттер, неғұрлым тәжірибелі оқытушылар бекітілген.
Диплом жұмысын (жобасын) қорғау мамандарды даярлап шығаратын кафедра оқытушыларының, студенттерінің қатысуымен жария түрде ұйымдастырылды. Қорғауға МАК төрағасы және мүшелері мен ғылыми жетекшілері сондай-ақ, студенттер де қатысты.
К-16-1 тобы студенттері диплом жұмысын қорғауға тыңғылықты дайындалғаны алғашқы кезден-ақ белгілі болды.
Дипломдық жұмыстың мәтіні ұқыпты және сауатты орындалуы тиіс. Осы талаптарға сай диплом қорғаушылар (кестелер, графиктер, схемалар, фотосуреттер) тақырыптың мазмұнына қарай түрлі көрнекі құралдар пайдаланды.
1. 18.05. күні К-16-1 тобының студенті Сакенова Аида: «С.Сейфуллин, К.Ахметова поэзиясындағы дәстүрлер сабақтастығы» атты дипломдық жұмысын өте жоғары деңгейде қорғады.
2. 18.05. осы топтың студенті Ерғали Дидар: «Қ.Жұмаділовтің «Таңғажайып дүние» романының жанрлық сипаттары» тақырыбындағы дипломдық жұмысын ойдағыдай қорғап, МАК мүшелері тарапынан жоғары бағасын алды.
3. 18.05.күні К-16-1 тобының студенті Шоқтай Рыскүл: «Жүсіпбек Аймауытов романдарының көркемдік сипаты» атты дипломдық жұмысын өте жақсы қорғап шықты.
19.05 күні К-16-1 тобының студенті Кудайбергенова Айгерим:« М.Мағауин повестеріндегі әлеуметтік проблемалар» тақырыбында дипломдық жұмысын қорғап шықты. Студент тақырыбы бойынша ғылыми зерттеулер жүргізгені, өз көзқарасын дәлелдеуі жоғары деңгейде екенін көрсетті.
19.05 күні К-16-1 тобының студенті Иляшева Ильмира: «ЖББМ драма жанрын оқытудың тиімді жолдары» атты дипломдық жұмысын қорғауда жоғары теориялық дайындығы мен бейімділігін, тақырыпты зерттеуге деген ынталылығын көрсете білді.
Диплом жұмысы-жоғары оқу орнындағы соңғы әрі қорытынды жұмыс,жылдар бойында алған білімнің нәтижесі. К-16-1 тобының түлектері осы жүктелген дипломдық жұмыстарын ең жоғары сатыда орындап шықты десе болады.
К-16-1 топ студенттері «Bolashaq» академиясының ректоры Меңлібаев Құралбай Несіпбекұлына және қазақ тілі мен әдебиеті білім беру бағдарламасы кафедрасының меңгерушісі Сембиев Құрманғазы Зәкірұлына ерекше алғыстарын білдірді.
Қарағанды «Bolashaq» академиясы «6В01701 – «Қазақ тілі мен әдебиеті» білім беру бағдарламасы кафедрасының оқытушы- профессорлар құрамы түлектерге ақ жол тілейді!