Наши выпускники- лучшие!

Академия “Bolashaq” благодарит наших выпускников за теплые слова, которые шлют в адрес своей Alma Mater.

Мен, Тапакова Вилора Башкировна, Қарағанды Болашақ академиясының 2011-2013 ж.ж. құқықтану мамандығы магистратурасын бітірген түлегімін. Жуырда жолым түсіп өз академияма бардым.

Бізді білім нәрімен сусындатқан, біз үшін табан ақы, маңдай терін төккен ұстаздарымызды көрудің өзі бір ғанибет екен.

Магистратурада оқыған кезімде ғылыми жетекшілік еткен ұстазымыз, факультет деканы, з.ғ.к, Кабжанов Акылбек Тайболатович мені қуанып жылы шыраймен қарсы алды.

Ағамызбен біраз қызықты әңгіме айтып, біздің студенттік кездерімізді еске алып, содан соң бірге академияны, кітапхананы аралап фото суретке түстік.

Кетер кезімде өз қолынан “ҚР қылмыстық құқығы бойынша практикум” (тапсырмалар жинағы) деген оқулығын: «Өз шәкіртім Вилораға шын жүректен есте қалсын деген ниетпен сыйлаймын», деп жазып берген болатын.

Ұстазсыз шәкірт- тұл, шәкіртсіз ұстаз -тұл, дегендей мен әрқашанда өз ұстаздарымды мақтан ете отырып, олардың қиын да қажырлы еңбектеріне шығармашылық табыс тілеймін.

Ағамыздай үлгі тұтар ұстаздарымыз көп болсын! Болашақ Академиясы өркендей берсін дегім келеді.

Оставьте комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.