«Нашақорлық – қоғам дерті» атты кураторлық сағат

2023 жылы 6-шы қазанында құқықтық және қаржылық кафедрасының аға оқытушысы Г.К. Отыншиева Ю-22-2 тобымен ҚР Президентінің Жолдауын іске асыру және түсіндіру бойынша «Нашақорлық – қоғам дерті» тақырыбында кураторлық сағат өткізілді. Күн тәртібінде талқыланған мәселе бойынша Г.К. Отыншиева «Нашақорлық – қоғам дерті» тақырыбында студенттерге түсіндірме жұмысын жүргізіп, зиянды нәрседен аулақ болуға шақырды.

Қоғам дертіне айналып отырған есірткі біздің ағзамызға әртүрлі жолдармен енгізілгеннен кейін орталық жүйке жүйесін өзгертіп, зор қатер төндіреді. Сондай-ақ мінез-құлықта, көңіл-күйде зор өзгерістер болып, сенсорлық қабылдау қабілеті бұзыла бастайды. Адам денесінде осындай өзгерістер болғаннан кейін ол қайтадан сезінгісі келеді. Өйткені ол эндорфиндердің, әл-ауқатқа байланысты гормондардың жоғары деңгейін шығарады. Яғни ми өз әсеріне тәуелді болып, құмарлығы күшейе бастайды.


Жастардың арасында есірткіге әуестік көп ретте білместіктен басталады. Яғни олар қоршаған ортасының кері әсеріне иланғыш келеді. Әрі жас болғандықтан, қоршаған ортаның әр сипатты әрекетіне адам ойына келмейтін жауап қайтарады. Өз іс-әрекетінің салдарын дұрыс болжамау, жеңілтектік, жан-дүние, мінез-құлық пен дүниетанымның толық калыптаспағандығы, иланғыштық, кері әсерге еліктеушілік – алғаш рет спирт ішімдіктері мен есірткінің дәмін көруді тудыратын басты себептер. Жасөспірімдер өздерінің ержүректігін, дербестігін танытуға болатын топтар мен ұйымдарға бірігеді. Мұндай топтар үй жақта, би алаңдарында, мектепте де ұйымдасады және топ ішінде алғашқы «тексерістер де» болады.

Оставьте комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.