Менің атам Құсайынов Ажарбек

Менің атам Құсайынов Ажарбек

Құсайынов Ажарбек, 1918 жылы қазіргі Шет ауданы, 10 ауылында дүниеге келген, Ақшатаудың тумасы. 1939 жылы Қызыл әскер қатарына шақырылып, өзінің жауынгерлік борышын Халтенгал (Владивосток) қаласынан бастады. Алдымен Ұлы Отан соғысында шайқасып, одан кейін Жапон соғысында болды. Соғыста аяғына дейін жетіп, 1946 жылы елге оралды. Қан майданда ерлік көрсетіп, «Қызыл Жұлдыз» орденімен және басқа да Совет Одағының орден, медальдарымен марапатталды. Құдай берген 9 баласынан, 30 немере, 14 шөбере ұрпақтары тараған. 1985  жылы 19 наурызда 67 жасқа келіп дүниеден озды. 

Біз сіздердің ерліктеріңізді мақтан тұтамыз! Марқұм аталарымның рухтары риза болып, жандары жәннәтта болғай.

Атамның туған ағасы Құсайынов Аман Төлеуұлы, 1908 – 26.01.1943ж.ж. (табылған дерек бойынша), 1908 жылы қазіргі Шет ауданы, 10 ауылында дүниеге келген, Ақшатаудың тумасы. Соғыс басталған жылдары майданға аттанған. 1943 жылдан хат хабарсыз кеткен. Немересі Кусаинов Мейрамбектің іздестіру шараларының нәтижесінде үлкен атамыз Құсайынов Аманның, Қарағанды облысы, Тельман ауданы, Тельман аудандық әскери комиссариаттан майданға шақырылғаны белгілі болды. 48 гвардиалық атқыштар дивизиясында стрелок болған. Соңғы шайқасы 26.01.1943ж. «ОБД Мемориал» тақтасындағы мәлімет бойынша үлкен атамыз Воронеж облысы, Никитовский ауданы, Арнаутова деревнясында жерленген. Үлкен атамызыдың 2 баласынан, 15 немере, 10 шөбере, 2 шөпшек ұрпақтары тараған.

Немересі Байбекова Венера Алимкуловна

Оставьте комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *