КӘСІПТІК БАҒДАР ЖҰМЫСЫ

2023 жылдың 28 ақпанында  Қазыбек би  ауданына қарасты Қарағанды «Bolashaq» жоғары колледжінде кәсіптік бағдар беру  жұмысы бойынша «Bolashaq» Академиясының қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының оқытушылары Р.Х.Абдрахманов пен Ж.М. Баймұрыновтың қатысуымен «Педагог мамандығының қыр сыры» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Колледж тәлімгерлерімен кездесіп, сұхбаттасу барысында мамандық таңдау басты жауапкершілік екеніне тоқтала отырып, қазақ тілі мен әдебиеті білім бағдарламасы жайлы кеңінен тоқталып, тың ақпараттар берілді.

Қазақ тілі әдебиеті кафедрасының жетістіктері, студенттердің өмірі, жеңілдіктер, мүмкіндіктер  жайлы да сөз қозғалды.

Оқу орнына жергілікті жерлерден талапкерлер тарту мақсатында «Bolashaq» академиясына оқуға түсудің ережелерін және жеңілдіктер туралы айтып берді. Колледж шәкірттері өздерін толғандырып жүрген сұрақтары бойынша біршама мәліметтер алды. Кездесу барысында «Bolashaq» академиясының негізгі бәсекелестік артықшылықтары, білім беру бағдарламалары, оқыту нысандары туралы ақпарат ұсынылды,  академия өмірі туралы мәліметтермен таныстыратын буклеттер мен «ЛиМоНаД» журналдары таратылды.

Оставьте комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.