Итоговая конференция профессиональной практики студентов 4 курса по ОП “Юриспруденция”

22 апреля 2020 учебного года кафедра Юридических дисциплин провела итоговую конференцию производственной (педагогической) практики по программе Skype в режиме on-line со студентами.

2020 жылдың 21 сәуірінде «Құқықтану» білім беру бағдарламасының Ю-16-2 тобының студенттерінің өндірістік практикаларын қорғау бойынша қорытынды конференциясы онлайн түрде Skype платформасында өтті. Жалпы тәжірибе жоспарына сай, өндірістік тәжірибелері 27 қаңтардан 03 сәуір аралығындағы мерзімге бекітілген еді. Бірақ, әлемдік деңгейде таралып жатқан індетке байланысты карантин жариялануымен тәжірибелері наурыздың ортасында тоқтады. Тәжірибе есептерін қорғауға Оқу – әдістемелік басқармасының тәжірибе бойынша маманы Конысбаева Жумагуль Мейржановна, Заң пәндері кафедрасының тәжірибеге жауапты оқытушысы Алтайбаева Гульнур Муратовна және Ю-16-2 тобының өндірістік тәжірибесіне жауапты оқытушы Көпжасарова Сағынгүл Избасаровна, сонымен қатар топ студенттері қатысты.

Алдымен оқытушылар Алтайбаева Г.М. және Копжасарова С.И. сөз сөйлеп, тәжірибенің қорғалу тәртібі мен негіздеріне тоқталып кетті. Жалпы студенттердің тәжірибе есептерін қорғау үшін аса жауаптылықпен, тиянақтылықпен дайындалғандары көрінді. Барлығы дерлік тәжірибе есептерін қорғау үшін атқарылған жұмыстарын дайындаған презентациялары арқылы көрсетуге тырысты.

Ю-16-2 тобының студенттері келесідей базалық органдарда практикадан өтті: Әділет Департаментінде, ІІБ полиция бөлімшелерінде, Сотта, Әкімдік аппаратында, жеке сот орындаушыларында, жеке адвокатта, көліктік бақылау инспекциясында, Қарағанды облысының Мемлекеттік кірістер Департаментінде. Аталған мекемелердегі практика жетекшілері студенттерге оң пікірдегі мінездеме берген. Студенттердің қорғауларын тыңдау арқылы, олар өздеріне және болашақ қызметтеріне қажетті дағдыларға ие болып, академияда алған теориялық білімдерін тәжірибеде бекіткендері анық байқалды. Сөз соңында практикаға жауапты аға оқытушы Көпжасарова Сағынгүл Избасаровна студенттердің тапсырған құжаттары мен онлайн режимде қорғаған жұмыс нәтижелерін ескере отырып, объективті бағалап, студенттерге алдағы диплом қорғау кезеңіне сәттілік тіледі.

Оставьте комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.