​ДОКТОРАНТТАРҒА АҚЖОЛ ТІЛЕДІК

Академия “Bolashaq” является одним из крупнейших вузов, сотрудничающих с зарубежными вузами. Заключены договора с университетом имени Мустафы Кемел Ататюрка в городе Ерзурум Турции, университетом Гиресун в городе Гиресун, университетом Кастамона в городе Кастамон, университетом Кожаели в городе Кожаели.

В настоящее время студенты магистранты обучаются по академической мобильности (по программе “Мевлана”).

В ближайшее время в Турцию на обучение отправятся наши докторанты.

Осыдан біраз күн бұрын еліміздегі білім ордаларының сайтына, әлеуметтік желіде Қарағанды “Bolashaq” академиясы докторант-ғалымдарға зәру екендігін, “түркология” мамандығы бойынша докторанттурада гранттық оқуға түсем деушілерге іздеу салатынымызды айтқанбыз. Міне, соның нәтижесі – жуырда оқимын деп тілек білдірген докторанттардың басын құрап, кездесу ұйымдастырдық.

“Bolashaq” академиясы шетелдік жоғары оқу орындарымен етене байланыс жасайтын ірі білім ордаларының бірі. Әсіресе Түркияның Ерзурум қаласындағы Мұстафа Кемел Ататүрік атындағы университетімен, Гиресун қаласындағы Гиресун университетімен, Кастамон қаласындағы Кастамон университетімен, Қожаелі қаласындағы Қожаелі университетімен тығыз қарыс-қатынастамыз. Бұлардың әрқайсысымен өзара ғылым мен білім саласында әріптестік пен ынтымақтастық туралы келісім-шартқа отырған болатынбыз. Онда қазір академиялық ұтқырлықпен (“мевлана” бағдарламасы бойынша) бірталай студенттеріміз, магистранттарымыз оқып, білім алып жүр. Енді, міне, кезек докторанттарға келді.

Түркия – оғыздар елі. Тіліне де, дәстүріне де берік халық. Олардан көп нәрсе қабылдауға болады. Бір-ақ штрих, деталь келтіре кетсем деймін. Академиямыздың ректоры Құралбай Несіпбекұлы Меңлібаевпен бірге Ататүрік университетінде болғанымызда, оның басшысы Омер Чомақлы: “Біз үшін ұсақ-түйек нәрсе жоқ, тіршіліктің бәрі ұсақтан іріге бастау алады. Мәселен, “бардак” аталатын кішкене шай ішер ыдысымыз бар. Осы ыдыспен шайымыздың дәмін татуға дүниенің түкпір-түкпірінен миллиондап адамдар келеді. Жұқа шыны өзгелер үшін ұстауға ыңғайсыздық тудырғанымен, бұл біздің ұстанымымыз, былайша айтқанда төлтума брендіміз, сондықтан басқаларға өзіміздің ұстанымымызды мойындатқызып, қызықтырып, бардагімізбен шай ішкіземіз” – деп, үлкен мақтанышпен айтқаны бар.

Бір университетте 150 мың студент оқитынын, материа дық базасын айтпай-ақ қояйын, IT-технологиялармен өзі-өздерін түгелдей қамтып жатыр. Әйтеуір сабаққа ректорынан бастап, оқытушыға дейін ықтиятты қарайды. Осындай телегей дүниеден докторанттарымыз тәлім алса деп үмітімізді үкілеп отырмыз. Докторантарымызды қабылдау – бізге деген үлкен сенімнің белгісі.

Болашақта да аталған мамандық бойынша академия атынан барып оқимын дейтіндер болса, құба-құп, тек қойылатын шарт: біріншіден, түрік және ағылшын тілін жетік білу, екіншіден, оқуды тәмамдаған соң, “Bolashaq” академиясында жұмыс істеу керек.

Академия қашан да біліктілер мен ғалымдарға зәру.

Серімов Е.Е.,  

заң ғылымдарының кандидаты, 

жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бөлімінің бастағы

Оставьте комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.