“Даланың дархан перзенті”атты қалалық ауқымды семинар өтті

Үстіміздегі жылдың 22-ші қазаны күні Теміртауда С.Сейфуллиннің 130 жылдық мерейтойына арналған “Даланың дархан перзенті”атты қалалық ауқымды семинар өтті.

Оған қалалық әкімдік басшылары және тиісті бөлім қызметкерлері,қала жұртшылығының өкілдері,оқу орындарының шәкірттері педагогтар,журналистер қатысты.

Семинарда біздің академияның өкілі,қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының профессоры,филология ғылымдарының докторы М.Хамзин «С.Сейфуллин феномені :әйгілі тұлға жайлы ой –тұжырымдар» атты тақырыпта өзекті де,өміршең мәселелер төңірегінде қызықты әрі терең ғылыми дәйектемеге негізделген мазмұнды баяндама жасады.Басқа да баяндамашылар ақын,қайраткер, тұлға С.Сейфуллинің әр қыры туралы ой толғады.

Оставьте комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.