«Баланың ойы – білімде» тақырыбында тренинг

Мен, Алматұлы Ақжол Қарағанды қаласының «Bolashaq» академиясының «Қазақ тілі мен әдебиеті» білім беру бағдарламасының 1 курс студентімін.

24.01.2023 жылы мен Әлихан Бөкейханов атындағы ЖББ мектебінде танымдық практика өткізу бойынша мектеп оқушыларымен танысу мақсатында, олардың қызуғышылықтарын арттыру үшін тренингтер өткіздім. Ең бірінші тренинг танысу тренингі мұнда әр баланы жақынырақ танып білу жүргізіледі. Бала өзін ерекше іс-қимылы арқылы таныстырады. Сол іс-қимыл арқылы танысу жеңілірек болады.

Екінші тренинг назар аудару тренингі бұл тренингте баланың жан-жақты болуын,назар аудару қабілеті тереңдей түседі. Балалар бір-біріне шапалақ арқылы кезектесіп қол соғады және сол қол соғу сағат тілімен кезекпен өтеді. Егер бір бала қолын екі рет соқса сағат тіліне қарсы кетеді.бұл сонда баланың тез шешімін қабылдауға мүмкіндік береді.Үшінші тренинг сөздік қорды көбейту мақсатында жасалды. Ойламаған жерден сөз құрастырып шығу балардың қолынан келе білді.

Бұл тренинг мектеп оқушыларына ұнады. Келесі күндері тағыда өткізуімді сұрады. Бала сабақты түсіну үшін оны қызықтырып әкеліп, бойына жәймен ғана сіңдіру керек екен. Мектеп ұстаздары үлкен мүмкіншіліктер жасап, білгендерімен бөлісуде. Алдағы уақытта әлі де шыңдала түсемін. Мектеп оқушылары өте білімді екен. Тренинг қана өткізбей жетекшінің сабағына қатыстым. Қалай өзін ұстау керек екенін көріп білдім. Жетекші Раушан Оралхановна өте тәжірибелі ұстаз екен барлық жағынан көмектесуде.

Алматұлы Ақжол

Қарағанды қаласының

«Bolashaq» академиясының

«Қазақ тілі мен әдебиеті»  ББ

Оставьте комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.